Рио Фердинанд

From Wikipedia, the free encyclopedia

Рио Фердинанд

Рио Гэвин Фердинанд (ағылш. Rio Gavin Ferdinand; 7 қараша 1978 жыл, Лондон, Англия) — ағылшын футболшысы, қорғаушы. "Манчестер Юнайтедтің" экс-футболшысы және экс-капитаны. Он екі маусым бойы аталмыш команданың қорғаныс шебінде ойнаған. 312 кездесу алаңға шықты.

Quick Facts Жалпы мағлұмат, Толық аты ...
Рио Фердинанд Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Рио Гэвин Фердинанд

Туған күні

7 қараша 1978 (1978-11-07) (45 жас)

Туған жері

Лондон, Англия

Азаматтығы

Англия Англия

Бойы

189[1][2][3]

Позиция

қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

карьерасын аяқтады

Жастар клубы
Англия Элтем Таун[4][5]
Англия Чарльтон Атлетик[5][4]
Англия Челси[5][4]
1988—1990 Англия Миллуолл
1990—1993 Англия Куинз Парк Рейнджерс
1993—1995 Англия Вест Хэм Юнайтед
Клуб карьерасы[* 1]
1995—2000 Англия Вест Хэм Юнайтед 127 (2)
1996  Англия Борнмут 10 (0)
2000—2002 Англия Лидс Юнайтед 54 (2)
2002—2014 Англия Манчестер Юнайтед 312 (7)
2014—2015 Англия Куинз Парк Рейнджерс 11 (0)
Ұлттық құрамы[* 2]
1997—2011  Англия 81 (3)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.
Close

2015 жылы "Куинз Парк Рейнджерс" сапында ойнап жүріп карьерасын аяқтады.

Футболшы жайлы фактілер

  • Ұлттық құрама сапындағы тұңғыш ойынын 1997 жылы 15 қараша күні Камерунға қарсы өткізді де, құрама тарихындағы алаңға шыққан ең жас қорғаушы болды (сол күні 19 жас 8 күн). Ұлттық құрама сапында үш доп соқты (2002 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Дания қақпасына, ЕУРО-2008 іріктеуінде сырт алаңда Ресей қақпасына, ӘЧ-2010 іріктеуінде Алматыда Қазақстан қақпасына).
  • 2010 жылы құрама капитаны болды, бірақ жарақаттың кесірінен сол жылғы әлем чемпионатына бара алмады. 2013 жылы құрамадағы карьерасын аяқтады.
  • 2003 жылғы допинг-тестен соң сегіз айға футболдан шеттетілді. Соның салдарынан 2004 жылғы Еуропа чемпионатына бара алмады.

Қатысқан турнирлері

  • 1998 - Әлем чемпионаты
  • 2002 - Әлем чемпионаты
  • 2006 - Әлем чемпионаты

Жетістіктері

Командалық

Манчестер Юнайтед

  • Англия чемпионы (6): 2002/03, 2006/07, 2007/08, 2008/09, 2010/11, 2012/13
  • Лига кубогы (2): 2005/06, 2008/09
  • Англия суперкубогы (4): 2003, 2007, 2008, 2011
  • Чемпиондар Лигасы: 2007/08
  • Клубтар арасындағы әлем чемпионаты: 2008

Жеке

  • «Вест Хэм Юнайтедтің» жыл ойыншысы: 1998
  • Премьер-лиганың үздік ойыншысы: қазан 2001

Дереккөздер

  1. Player Profile. Rio Ferdinand  (ағыл.). Premierleague.com. Басты дереккөзінен мұрағатталған 27 мамыр 2013.
  2. Rio Ferdinand  (ағыл.). BBC Sport. Басты дереккөзінен мұрағатталған 27 мамыр 2013.
  3. Rio Ferdinand  (ағыл.). TheFA.com. Басты дереккөзінен мұрағатталған 27 мамыр 2013.

Сілтемелер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.