From Wikipedia, the free encyclopedia
Росалия Шара (28 қаңтар 1944 — 15 тамыз 2013) — испандық кәсіпкер және қоғамдық қайраткері, Испанияның ең бай әйелі, Zara брендінің иесі. Деректері бойынша Forbes Росалии Мераның жағдайын 6,7 миллиард долларға бағалады[1]. Paideia қайырымдылық қорының негізін қалаушы.
1944 жылы 28 қаңтарда Ла-Коруньеде туған. Тігінші мамандығын Мера 11 жасында меңгерді[2]. Модельдік бизнестегі мансабы Мераның 13 жасында басталған. 1963 жылы бірге өзінің болашақ күйеуі Амансио Ортегамен (1966 жылы некелерін қиған) Inditex тобын құрған. 1986 жылы күйеуімен ажырасып, бірақ бизнесте қалды. 2004 жылы Росалия Мера Inditex директорлар кеңесінен шықты. Мера меншігінде холдингінің 7 % акциялары болатын.
2013 жылғы жазда демалыс кезінде Менорка аралында инсульт алды. Жеке ұшақпен Ла-Коруньедегі жеке клиникасына жеткізілген Мера, онда жүрегі тоқтап 15 тамыз 2013 жылы қайтыс болады. Perillo муниципалитетінің (Ла-Корунья) Santa Eulalia de Lians шіркеуінің зиратына жерленген .
Модельдік бизнесімен қоса Мера теңіз балығын өсіру бойынша фермерлік шаруашылығымен айналысты, онкологиялық дәрі-дәрмектер әзірлеу бойынша компанияны және жаңа туған нәрестелерді дактилоскопиялау жүйелерін өндірушіге инвестиция жасады. Forbes Рейтингісінлде ол өз бизнесін нөлден бастаған ең бай әйел.
Розалия Мера. Мұрағатталған 21 қыркүйектің 2016 жылы. Өмірбаяны, мансап, қаржылық жай-күйі. Мұрағатталған 21 қыркүйектің 2016 жылы. Trendy-brandy.com, 17 маусым 2013. (орыс.)
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.