Сала
From Wikipedia, the free encyclopedia
Сала [1] – қызметтің‚ ғылымның‚ өндірістің жеке саласы. Өндіріс cаласы – қоғамдық өнімді жасауға қатысуына қарай материалдық өндіріс аясындағы cалаға (өнеркәсіп‚ ауыл және орман шаруашылығы‚ көлік‚ байланыс‚ сауда‚ т.б.)‚ бейөндірістік аядағы сала (материалдық игіліктер жасамайтын сала[шикізат]]тың бір тектілігіне‚ техникалық база мен технологиялық үдерістердің ортақтығына‚ кадрлардың құрамы мен еңбек жағдайының ерекшеліктеріне қарай сипатталатын кәсіпорындардың жиынтығы халық шаруашылығы саласы шеңберінде тиісті саланы құрайды. Мысалы‚ өнеркәсіп шеңберінде: машина жасау‚ тамақ‚ орман‚ ағаш өңдеу өнеркәсібі және т.б. Қандай да болсын белгілі бір аядағы қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы‚ мысалы‚ мемлекеттік‚ әкімшілдік‚ азаматтық‚ еңбек нормаларының жиынтығы‚ құқық саласын құрайды.[2] [3]
Сала[4] — ірірек ағын суға немесе көлге қүятын ағын су.