Салық декларациясы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Салық декларациясы немесе Салық мағлұмдамасы — салық төлеушінің салық агентінің Салық кодексінде белгіленген тәртіпке сәйкес салық органдарына берілген жазбаша мәлімдемесі немесе электрондық құжаты. Онда салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер, сондай-ақ салық міндеттемелерін есептеу және салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеуге байланысты басқа да деректер туралы мәліметтер болуға тиіс. Мағлұмдамада салық төлеуші табыстың, мүліктің, т.б. мөлшерін, қажетті салық шегерімдерін, жеңілдіктер мен шегермелерді көрсетеді және әрбір салық кезеңі аяқталған бойда өзінің тіркелген жеріндегі салық органдарына берілетін салық сомасын есептейді. Мағлұмдамадағы деректер саналы түрде бұрмаланған жағдайда заңи және экономикалық жауапқа тартылады.[1]
Салық декларациясы компанияның соңғы өндіріс кезеңіндегі табысын егжей тегжейлі баяндайды. Ол өндіріс шығындары мен құнын шығарып тастағандағы сатылым нәтижесінде алынған сомадан бастап, таза пайда көрсеткіштерімен аяқталады.