From Wikipedia, the free encyclopedia
Сасактар — Индонезиядағы халық, Ломбок аралының орталық және шығыс бөліктерін мекендейді.[1] Саны шамамен 3 миллион адам (2015).[2]
Тілі - сасак тілі.[3]
Діні – ислам, көпшілігі сүнниттік мұсылмандар, бір бөлігі – индуистар.[4] Оқшауланған жерлерде олар дәстүрлі нанымдарды сақтайды.
Сасактар XV-XVII ғасырдың ортасында Сумбава аралында билеушілерге (макассарларға) вассал болса, кейін XVII ғасырдың ортасынан XIX ғасырдың ортасына дейін Бали аралының билеушілеріне тәуелді болды. Сонымен бірге сасактардың өміріне Бали мәдениетінің кейбір ерекшеліктері енді. Ломбокты 1894 жылы Нидерланды басып алды. Сасактар Голландия билігіне қарсы бірнеше рет наразылық білдірді.[5]
Дәстүрлі кәсіптері – суармалы, террассалы егіншілік (күріш, көкөніс, жеміс-жидек, кокос пальмасы). Буйвол, ит өсіру, аңшылық, жағалауда балық аулау, терушілікпен айналысады. Қолөнерден – ыдыс-аяқ заттарын тоқу (әйелдер), тор тоқу, төсеніштер, ағаш ұстасы, ағаш ою (ерлер).[6]
Ауыл қауымдастығы сақталған, капиталистік қатынастар дамуда. Отбасы шағын, неке патрилокальды, туыстық есеп патрилинейлік.
Ауылдары түзу орналасқан. Үйлері жер үсті, төртбұрышты, қаңқалы.
Киімі – каин.
Азық-түлік негізінен өсімдікке тектес тағамдар.[6]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.