From Wikipedia, the free encyclopedia
Сидней (ағылш. Sydney) — Аустралияның ең үлкен қаласы, аумағы 12144,6 км² [1], халқы 2012 жылы шамамен 4,8 миллион адамды құрады. Сидней Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының әкімшілік орталығы болып табылады.
Қала | |||
Сидней | |||
Sydney | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
250 |
250 | ||
Штат |
Жаңа Оңтүстік Уэльс | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
33°52′10″ о. е. 151°12′30″ ш. б.33.86944° о. е. 151.20833° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты |
1788 | ||
Қала статусы |
1842 | ||
Жер аумағы |
12144,6 км² | ||
Климаты |
океандық | ||
Уақыт белдеуі |
UTC+10 | ||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
4 800 000 адам (2012) | ||
Тығыздығы |
397,25 адам/км² | ||
Этнохороним |
сиднейлық | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Телефон коды |
+61 2 | ||
cityofsydney.nsw.gov.au (ағыл.) | |||
Сидней шекарасы
| |||
Ортаққордағы санаты: Сидней |
Сидней Аустралия құрлығындағы алғашқы еуропалықтар келгелі бері пайда болған алғашқы қала. Қала 1788 жылы құрылған. Англияның сол кездегі Ұлыбританияның колония министрі лорд Сиднейдің құрметіне осы қала Сидней болып атанып кеткен.
Қала Тынық мұхитының жағалауындағы алапты орналасқан. Шығыс жағынан қала Тынық мұхитының толқындарымен шайқалады, батыс жағында Көкшіл таулар орналасқан, солтүстік жағында—Хоксбери өзені, ал оңтүстік жағында - Корольдік ұлттық паркі орналасқан. Тынық мұхиты жағынан жағалауы көптеген көптеген мүйістер мен шығанақтармен кесілген. Порт Джексон шығанағы - әлемдегі ең ірі табиғи мүйіс болып есептеледі[2].
Қаланың тұрғын аймақтарында 70-тей шағын шығанақтар пен айлақтар бар. Олардың арасындағы ең әйгілісі - оңтүстік жағындағы Бондай-Бич және солтүстіктегі Мэнли айлағы.
Сидней қаласы опера театры, Харбор-Бридж көпірі және көптеген жағалауларымен танымал. Қала Лоуборо университеті санаты бойынша әлемдік бета-класына жатады[3]
Сиднейдің маңызды экономикалық салалары болып, егер сол саладағы жұмыскерлер саны бойынша есептесе, қызмет көрсету саласы, сауда, өндіріс, денсаулық сақтау және коммуналдық қызмет болып табылады[4]. 1980-ші жылдардан бастап жұмысшылар нарығы өндіріс саласынан қызмет көрсету саласына және ақпараттық технологиялар саласына ауыса бастайды. Сидней экономикасы Аустралия экономикасының шамамен 25 пайызын құрайды[5]. Қалада Аустралия құнды қағаздар биржасы (ASX) мен Аустралия резерв банкі, сонымен қатар 90 банктің және елдің жартысынан астам ірі компанияларының бас пәтерлері осында орналасқан. Сидней халықаралық компаниялардың (олардың саны шамамен 500) офистері орналасқан Аустралия бойынша орталығы болып табылады [5]. Аустралияынң он ірі компанияларының төртеуінің бас пәтері Сиднейде (Caltex Australia, Commonwealth Bank, Westpac және Woolworth) орналасқан. Fox Studios Australia компаниясының қалада ірі киностудиясы бар. Сидней фьючерстер биржасы (SFE) осы тектестердің аустралия-тынықмұхит аймағындағы ең ірісі болып табылады. Ол әлем бойынша 12-ші ірі фьючерстік биржа және опциондар айналымы бойынша 19-шы орында[6].
2006 жылғы санақтардың мәліметі бойыншы Сиднейде және оның маңында жалпы 4 119 190 адам тұрады, оның ішіндегі 3 641 422-сі қаланың өзінде[9]. Санақтың әліметі бойынша тұрғындардың 1,1%-ы жергілікті аборигендер, 37,7%-ы Аустралияда туылмаған, басқа елдерден миграция жасағандар. Қаланың 18,1%-ы Азия құрлығынан келген мигранттар[10]. Мигранттардың көбісі үш елден келген, олар Ұлыбритания, Қытай және Жаңа Зеландия. Бұл елдерден кейін Вьетнам, Ливан, Үндістан, Италия және Филиппиннан қоныс аударған адамдар[11]. По-русски говорили 13220 человек, 156 из них не ответили на вопрос о своём уровне владения английским[12]. Сидней қаласының тұрғындарының орта жасы — 36 , оның ішінде 15,4% — 65-тен үлкен, 15,2%-нда бакалавр дипломы бар.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.