From Wikipedia, the free encyclopedia
Сквош — доп және ракетка қолданатын жабық кеңістікте ойнайтын спорт түрі. Сквош өз атауын ойында қолданылатын майда жұмсақ допқа (ағылш. squash - сығу, майдалау) қатысты алды. Ойыншылардың дайындығына байланысты доптың сан алуан түрі қолданылады. Сквошты жаңа ойыншылар үшін доп қатты болуы керек, осыған байланысты оны ұру жеңіл және биікке серпіледі. Кәсіби ойыншылар жерден серпілуі төмен болатын неғұрлым жұмсақ доппен ойнайды.
Спорттың шапшаң өте ауыр бұл түрі 140 жылдан астам бұрын шыққан. Қазіргі кезде әлемнің 185 елінде 50000-нан астам сквош алаңшасы бар.
Сквош ойыншыларының жайлы киімдерімен қатар, жабдықтарына ракетка мен көбінесе қорғаныш көзілдіріктері кіреді. Ракетканың неғұрлым рұқсат етілетін салмағы 255 грамм (9 унций). Сондықтан да ракетка графит, титан немесе кевлар сияқты салмағы жеңіл материалдан жасалады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.