From Wikipedia, the free encyclopedia
Социалистік интернационал (Социнтерн, СИ) - бүкіләлемдік социал-демократиялық, социалистік және жұмысшылар партияларының қозғалысы. 1951 жылы ГФР құрылтайшы конгресте құрылған. Еуропадағы, Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Америка, Азия және Африка елдеріндегі 170-тен астам партия мен ұйымдарды біріктіреді. 1970 жылы ортасынан бастап өзінің қызметінде қазіргі заманның жаһандық мәселелеріне көңіл бөле бастады: кедейшілікпен күресу, қоршаған ортаны қорғау, жаһандық басқару, тұрақты даму, жаңа, әділетті әлемдік тәртіпті құру. СИ президенті В.Брандт 1977 жылы халықаралық даму мәселелері бойынша Тәуелсіз халықаралық комиссияны басқарды; Швед социал-демократтарының жетекшісі У. Пальменің төрағалық етуімен Қауіпсіздік пен қарусыздану сұрақтары бойынша тәуелсіз комиссия әлемдік қауымдастық көңілін осы мәселелердің жаһандық тұрғыдан маңыздылығына аудартты ("Common Security", 1982). Қоршаған ортаны қорғау мен дамыту жөніндегі халықаралық комиссия Норвегия социал-демократиясының жетекшісі Г.Х. Брундтланд жетекшілігімен "Our Common Future" (1987) тұрақты даму тұжырымын жасады. СИ жетекшілері жаһандық басқару мәселесін көтерді: жаһандық басқару комиссиясы құрылды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.