![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/b/bc/Paolo_Monti_-_Servizio_fotografico_%2528Napoli%252C_1969%2529_-_BEIC_6353768.jpg/640px-Paolo_Monti_-_Servizio_fotografico_%2528Napoli%252C_1969%2529_-_BEIC_6353768.jpg&w=640&q=50)
Стоицизм
From Wikipedia, the free encyclopedia
Стоицизм (ағылш. Stoicism) — ежелгі Грекия мен ежелгі Римде дәурендеген философия мектебі. Стоиктер эудаймонияға (Бақытқа), яғни бақытты тұрмысқа, өркендеген өмірге жету үшін ізгілік тәжірибесі жеткілікті деп есептеді. Пантеизмді негіз ететін Стоиктер бақытқа жету жолы ретінде күнделікті өмірде даналық, батылдық, тежем және әділеттілік сынды мәлім ізгі қасиеттерді басшылыққа алу, табиғатқа сай болу, ішкі тыныштықты сақтау, қолдан келмейтін істерге енжарлық, ал қолдан келетін істерге энергия мен зейінді толық бағыштау деп есептеді. Оны алғаш ежелгі Афина агорасында біздің дәуірімізге дейінгі 300 жылдары Китийлік Зенон (шамамен бзд. 334 – бзд. 262) негізін қалаған.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/b/bc/Paolo_Monti_-_Servizio_fotografico_%28Napoli%2C_1969%29_-_BEIC_6353768.jpg/640px-Paolo_Monti_-_Servizio_fotografico_%28Napoli%2C_1969%29_-_BEIC_6353768.jpg)
Стоицизмнің Зеноннан басқа негізгі өкілдері Марк Аврелий, Эпиктет, Сенека және басқалар. Кейінгі көптеген философиялық ілімдер ғана емес, көптеген орташығыстық діндердің де этика туралы түсініктері стоицизмнің ықпалына терең ұшыраған. Қазіргі заманда стоицизм ережелері жаңа ағымдарға әсер етіп қана қоймай, ерекше бір тұрмыс стилі ретінде әлі де ұсталады, дәріптеледі.