From Wikipedia, the free encyclopedia
Сыбырлақ аққу (лат. Cygnus olor) – қазтәрізділер отрядының үйрек тұқымдасына жататын құс.
Сыбырлақ аққу | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Cygnus olor (Gmelin, 1789) | ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
|
Қазақстанның жазық аймақтарындағы су айдындарында кездеседі. Саны сұңқылдақ аққуға қарағанда көп. Денесінің ұзындығы 180 см, қанатын жайғанда ұзындығы 260, қанатының ұзындығы 70, құйрығының ұзындығы 18 см, салмағы 8 – 13 кг. Қоразы мекиенінен ірі. Қауырсыны аппақ, балапанында сұр түсті болады. Мойны жіңішке, қызыл түсті тұмсығында қара бұдыр анық көрінеді. Аяғы көбінесе қара түсті. Суда жүзгенде мойны иіліп, латын әліпбиіндегі S әрпіне ұқсайды. Ұшқан кезде дыбыс шығармайды, мазасызданған кезде кейде сыбырлағандай болады, құстың аты осы қасиетіне қарай қойылған. Жыл құсы. Көктемде ұшып келіп, ұясына 5 – 7 жұмыртқа салып, оны мекиені бір айдай басады. Қазан айының соңында жылы жаққа қайтады. Негізінен су астындағы өсімдіктермен, ішінара омыртқасыздармен де қоректенеді. Өте сымбатты және кәсіптік маңызы бар құс.[2]
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.