From Wikipedia, the free encyclopedia
Сылдырмақ (лат. Rhinanthus) – сұңғыла тұқымдасына жататын бір жылдық жартылай паразитті өсімдік.
Сылдырмақ | ||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Rhinanthus minor
| ||||||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||||||
30-40 |
Облыстың шалғынды жерлерінде, өзендер мен көлдердің жағалауында өсетін 4 түрі бар. Биіктігі 20 – 50 см, сабағы тік, жоғарғы жағы бұтақталған. Жапырағының жиегі ара тісті иректелген, қандауыр тәрізді, өркен бойына қарама-қарсы орналасады. 4 тостағанша жапырақшалары бірден қурап түспей, ұштары жіңішкеріп, үрлеген қарын сияқты томпайып, жемісінің сыртын қаптап сақталып қалады. Гүлі сиякөк, сары, сарғыш жасыл. Күлтесінің түбі кірігіп, түтік құраған, қос ерінді, үстіңгі ерні дулыға тәрізді, астыңғысы сәл төмен қарай иіліп, ұшы 3-ке тілімделген тегіс болады. Аталығы – төртеу, екеуі ұзын күлтеден шығып көрініп тұрады. Маусым – шілдеде гүлдеп, тамыз айларында жеміс салады. Жемісі – екі бүйірі қысыңқы, қақырайтын құрғақ қауашақ. Тұқымында қанатша тәрізді жұқа өсіндісі болады, кей түрінде болмауы да мүмкін. Сылдырмақ басқа өсімдіктің тамырынан су мен ондағы еріген заттарды тамыр сорғыштары арқылы қабылдайды. Сондықтан шалғында өсетін мал азықтық өсімдіктерге көп зиян келтіреді.[1]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.