Сөз тіркесі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Сөз тіркесі деп толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір-біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуын атаймыз.[1]
- Мысалы: Қайрат балаларға Досанмен болған әңгіменің мән-жайын баяндады деген сөйлемдегі сөздер мына сияқты тіркестерден құралған:
- Қайрат балаларға;
- балаларға Досанмен;
- Досанмен болған;
- болған әңгіменің;
- әңгіменің мән-жайын;
- мән-жайын баяндады.
Мұнда әрбір сөз өзін керек қылған, қажет етіп тұрған сөзбен ғана байланысқан. Сөздердің мағыналық байланысын сұрау қою арқылы табамыз.