Табын
From Wikipedia, the free encyclopedia
Табын — (моңғ. табын — бес) Кіші жүздің Жетіру бірлестігіндегі ру.
Табын | |
---|---|
Тарақ, тостаған, шөміш, көсеу | |
Ұраны | Тостаған, Сәрке |
Лақап атауы | |
Шығу тегі | Алтай өңірі |
Жүзі | Кіші жүз |
Тайпасы | Жетіру |
Бөлімдері | Шөмішті (Бозым), Тарақты, Көсеу (Тартулы) |
Тараулары | ? |
Ақсақалы | ? |
Қыстаулары | ? |
Жайлаулары | ? |
Веб-торабы | ? |
Ақтөбе облысындa, Сырдарияның төменгі ағысы мен Жайық бойында көптеп шоғырланған, біраз бөлігі Қарақалпақстанда тұрады. Өткен ғасырларда қалмақтардың Қобда жеріне шабуына байланысты, табындар бас ауған жаққа жер ауып, бір бөлігі қазіргі Байғанин ауданының Оймауыт ауылына тұрақтап, бір бөлігі Шалқар ауданына, бір бөлігі қазіргі Атырау, Батыс Қазақстан облыстарына, бір бөлігі Қызылорда облысы мен Қарақалпақстан жерлеріне кеткен. Қазір де Қарақалпақстанға кеткендердің 80 пайызы Маңғыстау облысына көшіп келіп, Ақтау, Жаңаөзен қалаларында тұрып жатыр.
Cондай-ақ башқұрт ұлтында да Табын атты ру бар.
Негізгі таңбасы — тарақ — атбегі маңсабын бейнелейді. Орда-Ежен ұрпақтары — төре руының таңбасына ұқсас. Табын руы - белгісіне қарай үшке бөлінеді: тарақты, шөмішті, көсеулі болып. Шөміштілер негізінен Ақтөбе мен Батыс Қазақстан жерлерін жайлаған, көп бөлігі қалмақ шапқыншылығы кезінде Қарақалпақстан жеріне ауып, сол жақты мекендеп кеткен, қазіргі күнде Ақтөбеде тұрады. Қазір Қарақалпақстанға кеткен Табындардың 80 пайызы Отанға қайтып көшіп келді. Қызылорда өңірінде де Табындар бар, олар не найзалы не тарақтылар.