Тайланд
From Wikipedia, the free encyclopedia
Тайланд (тай. ประเทศไทย), Тайланд Патшалығы (тай. ราชอาณาจักรไทย [râːtɕʰa ʔaːnaːtɕɑ̀k tʰɑj]), 1939 ж. және 1945—1948 жж. дейін Сиам — Оңтүстік-Шығыс Азиядағы мемлекет. Тайланд оңтүстігінде Малайзиямен, шығысында Камбоджа және Лаоспен, батысында Мьянмамен шекараласқан.
Тайланд Патшалығы тай. ราชอาณาจักรไทย | |||||
| |||||
Әнұран: «Пхленг чат» (тыңдау (ақп.)) | |||||
Тайланд
| |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Құрылды | 1238 жыл | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | Тай тілі | ||||
Елорда | Бангкок | ||||
Ірі қалалары | Бангкок | ||||
Үкімет түрі | Конституциялық монархия | ||||
Патша Премьер-министрі |
Маха Вачиралонгкорн Прают Чан-Оча | ||||
Мемлекеттік діні | Буддизм | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 50-ші орын 513 120 км² 0,4 | ||||
Жұрты • Сарап (2016) • Санақ (2010) • Тығыздығы |
68 863 514 адам (20-шы) 64 785 909[1] адам 132,1 адам/км² (88-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
1,390 трлн.[2] $ 20,474[2] $ | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
516 млрд.[2][3] $ 7,607[2][3] $ | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,755[4] (жоғары) (83-ші) | ||||
Этнохороним | Тайлар | ||||
Валютасы | ฿ бат (THB) | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .th | ||||
ISO коды | TH | ||||
ХОК коды | THA | ||||
Телефон коды | +66 | ||||
Уақыт белдеулері | +7 |
Тайланд – жұмбақ Сиам, мыңдаған ғибадатханалар мен мыңдаған күлімдеулердің шахары және барлық континенттерден келетін миллиондаған туристтердің әйгілі демалыс орны. Тайланд жағалауларында көптеген курорттар орналасқан Үнді және Тынық мұхиттының суларымен шекараласқан, аол территориясының көлемділігі жағынан қазіргі Францияға тең. Елдің солтүстігінде жасыл таулы алқаптар орналасқан. Тайланд Оңтүстік-Шығыс Азияның дамыған және тартымды мемкеттерінің бірі ретінде әйгілі. Тауар мен қызметтің төмен бағасымен үйлескен жоғары экономикалық деңгей. Мұнда тамаша курорттар, қонақ үйлер, дәмді тағамдарға бай тайлық асхана және жергілікті салт-дәстүр, барлығы да адамды қызықтырады және тартады.
Бұл мемлекеттің тұрғындарының ақ көңілділік білдіруі, ғибадатханаларының әсемделген сәулеті, ұшы-қиырсыз жағалаулары, шуақты күндердің басым көп болуы, ауа температурасының бір жыл көлемінде тұрақты болуы, Тайландты шайып өтетін теңіздердің жылы сулары және экваторға жақын орналасқан бұл мемлекеттің ыстық тропикалық климаты негізгі ерекшелігі болып саналады. Бұл мемлекетте әсемдігі шексіз биік таулар, таза өзендер, арасында жүре алмайтын джунглилер, экзотикалық жануарлар мен өсімдіктер бар. Күні жыл сайын алтын жағалаулармен жиектелген Сиам шығанағын аймалайтын, шіркеулерінің көркем өрнектелген төбелері түпсіз терең аспанмен ұштасатын, орхидеялар мен жарқырап тұрған сапфирлер елі.