From Wikipedia, the free encyclopedia
Тандем - бірінен кейін бірі отыратын бірнеше немесе көп жағдайда екі адамға арналған велосипед. Әдеттегі тандемнің бір рамасы және екі доңғалағы бар, алайда әр адамның өзіне тиесілі велосипед меңгерігі, орындығы және тепкісі болады.
Велосипедті айдауда негізгі рөлді алда отырған адам алады, бірақ артта отыратын адамға бағытты басқаратын мүмкіндік беретін тандемдер де кездеседі. Егер, адам велосипедті басқармаған жағдайда меңгерікті таяныш ретінде қолданады. Екі адам да тандемнің тежеу жүйесін басқара алады.
Қағида бойынша екі адамдық тандемнің ұзындығы 240 см болса, салмағы 15 - 20 кг - ды құрайды.
1898 жылы Микаель Педерсон екі орындығы бар велосипедті патенттеп алады. Ол кездегі бірінші тандемнің салмағы 10,89 кг - ды құраған болатын. Бұл велосипед ағылшын - бурстық және екінші дүниежүзілік соғыс кезінде кең қолданылды. Ұлыбританияда 1971 жылы бірінші рет "Тандем клуб" ашылды. Тандем велосипедтерін жаппай шығаруды бірінші болып француздық "Lejeune and Gitane" фирмасы қолға алды. Тандем велосипедінің жаңартылған түрі АҚШ - та 1976 жылы "Santana Cycles" компаниясымен шыққан болатын.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.