Тандыр
From Wikipedia, the free encyclopedia
Тандыр — тандыр нан пісіруге арналған пеш.
Биіктігі 80–100 см, түбі жалпақ, ауыз жағын тарлау етіп, кірпіштен күмбездеп қалайды. Ішкі бетін жүн, тұз қосып сүтке иленген сағыз топырақпен сылайды. Тандырды қурай, бұта, бұтақпен қыздырады.