Тарих
From Wikipedia, the free encyclopedia
Тарих (араб.: تأریخ — оқиғалар туралы әңгіме) — адамзат баласының өткенін зерттейтін қоғамдық ғылым.
Тарихтың негізгі пәні ретінде - адам рухы қарастырылады, соған қатысты тарихтың мақсаты адамдарға тек өткенін ғана ескеру емес, рухани дүниесін қалыптастыру екенін айта кеткен жөн. Тарих — үздіксіз даму үстінде болатын ғылым. Өткенін білмей қазіргісі мен болашағын бағалау мүмкін емес, қоғамның дұрыс бағытта дамуы үшін азаматтардың тарихи сауаттылығы мен белсенділігі орасан зор маңызға ие. Халықсыз - тарих жоқ, тарихсыз - халық жоқ деген мақал бекерге айтылмаса керек. Тарихи зерделеу арқылы тарихи сана, мәдениет, дәстүр, ұрпақтар сабақтастығы қалыптасады. Тарих болып жатқан оқиғаларды жан-жақты әрі тереңінен көре білу қасиетін дамытады және болашаққа дұрыс қадам жасауға жәрдемдеседі.