Тау және аңғар желдері
From Wikipedia, the free encyclopedia
Тау және аңғар желдері — күндіз аңғар бойымен төменнен жоғары қарай, ал түнде керісінше — аңғардан және таудың беткейінен төмен қарай соғады. Мұндай құбылыс әсіресе жылдың жылы айларында немесе ауа райының ашық уақытында байқалады. Тау-аңғар желі атмосфера қабатының тау және аңғар үстінде біркелкі қызбау немесе суынбау салдарынан болады. Күндіз жоталар мен аңғар үстіндегі ауа сол деңгейдегі жазыққа қарағанда шапшаң қызып, жоғарғы бөлігінің қысымы күрт төмендеп, ауа ағысын туғызады. Түнге қарай процесс кері жүріп, тау желі пайда болады. Жылдамдығы кейде 10 м/с-қа жетеді. Орта ендікте тау-аңғар желің жазда, төменгі ендікте жыл бойында байқалады. Ылғалдылықтың, бұлттылықтың және жауын-шашынның тәуліктік таралуына әсер етеді.[1]