Таңғажайып вельвичия
From Wikipedia, the free encyclopedia
Таңғажайып вельвичия немесе Ерекше вельвичия (лат. Welwitschia mirabilis) бұрынғы заманнан келе жатқан өсімдік, қазіргі кезде ол тек ғана Атлант мұхитының жағасында, Намибияда, Анголаның оңтүстігінде шектелген аумақтың шөлінде өседі. Вельвичия өсімдігі 1860 жылы Португалиялық ғалым Фридрих Вельвич тәрепінен Африка тропик шөлдерінен табылған. Оның жапырақтары жайылғанда диаметрі 1 метрге жетеді. Вельвичия шамамен 400-1500 жыл өмір сүреді.Ол бір қарағанда ағашқа тіпті ұқсамайды да. Өсімдік бір домалақ дің-тамырдан және үзілмей өсетін 2 жапырақтан тұрады. Жапырақтары ұзындығы 2–4 метр, 2 шалыс лентаға ұқсас, сондықтан вельвичия қоқсық үйме секілді. Былайша айтқанда, жапырақтары көктей береді, үзілмей өсіп аяғы жағында бобарап құрып жатады.
Quick Facts Таңғажайып вельвичия, Ғылыми топтастыруы ...
Таңғажайып вельвичия | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Welwitschia mirabilis Hook.f. |
Close