Тбилиси
From Wikipedia, the free encyclopedia
Тбилиси (груз. თბილისი, [ˌtbiˈliːsi] (ақп.) – «жылы қайнар») — Грузияның астанасы және ірі қаласы. Мтквари (Кура) өзенінің бойында орналасқан. Тбилиси атауы алғашқы рет IV ғасырда айтылады, оның пайда болуын (груз. ტფილისი [Тпилиси]; тбили — «жылы») қалада жылы күкірт қайнарының пайда болуымен байланыстырады, 1936 жылға дейін орыс тілінде грек әдебиетінен[5]. енген Тифлис атауын қолданып келді. 1936 жылдың 20 тамызынан бастап ресми түрде атаудық ұлттық айтылуына жақын болатын, Тбилиси деп атау қабылданды.
Қала | |||||
Тбилиси | |||||
груз. თბილისი | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел |
ГрузияГрузия | ||||
Статусы |
Астана | ||||
Мэр |
Каха Каладзе [1] | ||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Координаттары |
41°43′00″ с. е. 44°48′00″ ш. б.41.71667° с. е. 44.80000° ш. б. / 41.71667; 44.80000 (G) (O) (Я) | ||||
Құрылған уақыты |
455[2] | ||||
Алғашқы дерек | |||||
Бұрынғы атаулары |
1936 жылға дейін — Тифлис | ||||
Жер аумағы |
720 км² | ||||
Орталығының биiктігі |
100 м | ||||
Уақыт белдеуі |
UTC+4 | ||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
1 083 800 адам (2017) | ||||
Тығыздығы |
1533 адам/км² | ||||
Агломерация |
1 158 677 | ||||
Ұлттық құрамы |
грузиндер (89,9 %), армяндар (4,8 %), әзірбайжандар (1,4 %), орыстар (1,2 %), күрт-езидтер (1,0 %), осетиндер (0,4 %)[4] | ||||
Этнохороним |
Тбилиситер | ||||
Ресми тілі | |||||
Сандық идентификаторлары | |||||
Телефон коды |
+995 32 | ||||
Пошта индексі |
0100–0199 | ||||
Автомобиль коды |
GEO | ||||
Басқалары | |||||
Награды | |||||
tbilisi.gov.ge | |||||
Ортаққордағы санаты: Тбилиси |
Қала 726 км² аумақты құрайды және онда 108 24 00 тұрғын өмір сүреді.
Б.з.V ғасырда Иберия патшасы Вахтанг Горгасали негізін қалаған және VІ ғасырда астана болған Тбилиси Гүржістанның маңызды өндірістік, әлеуметтік, мәдени орталығы болып табылады. Қала, сол сияқты, ғаламдық энергетикалық және сауда-саттық жобалардың транзиттік орталығы болып табылады. Еуропа мен Азияның қиылысында стратегиялық орналасу Тбилисиді бірнеше мәрте Кавказдағы әр алуан күштердің қақтығысына алып келді. Руставели атындағы кең алаңнан бастап, ертеректегі Ортағасырдағы Нарикала ауданының сақталған тар көшелерінен қаланың тарихын оның сәулет өнері арқылы тануға болады.
Қаланың тұрғылықты халқы әр алуан, тарихи Тбилиси әр түрлі ұлттар мен мәдениеттің, діннің және этникалық топтардың мекені болып табылады.Тбилисидің басым тұрғындары православ, Грузиндік Православ шіркеуінің келушілері болғанымен, Абанотубани ежелгі ауданында Метехи шіркеуінен бірнеше жүз метрлік қашықтықта синагогтар, шіркеулер, мешіттер бір-бірімен қатар салынған.
Тбилисиде бір халықаралық әуежай орналасқан. Әулие Үштік Кафедральді Соборы, Сиони, Метехи, Нарикала Кафедральді Соборы, Гүржістан парламентінің ғимараты, Руставели алаңы, Анчисхати, Мтацминда (Әулие тау)Тбилис операсы, Кашвети, Әлем Көпірі шіркеуі Тбилисидің ерекше туристік бағыттары болып саналады.