Темпера
From Wikipedia, the free encyclopedia
Темпера (итал. tempera, temperare – бояуларды араластыру) – бояумен салынған кескіндеме. Темпера алу үшін табиғи (жұмыртқа, өсімдік сөлі, т.б.) және жасанды эмульсиялар (желімнің майлы әрі сулы немесе майлы лактың қосындысы) қолданылады. Темпера Ежелгі Мысырда (Египет) белгілі болған. Орта ғасырда қондырғылы кескіндеменің негізгі әдісіне айналды. Қазіргі кезде қондырғылы және сәндік жұмыстарда кеңінен қолданылады. [1][2]