Темірқазық
From Wikipedia, the free encyclopedia
Темірқазық — Кіші аю шоқжұлдызындағы 2-ші жұлдыздық шамада көрінетін жарық жұлдыз. Ол дүниенің солтүстік полюс нүктесіне өте жақын орналасқан және солтүстік жарты шардан көрінеді. Темірқазық үш жұлдыздан тұрады. Оның ең жарығы айнымалы жұлдыз деп есептеледі. Қазіргі Темірқазық — α Кіші аю жұлдызы есептеледі.[1]
Әдетте ауырлық күштің әсерінде ғаламшардың өз өсінде айналуы кеңістікте өзгеріс туғызады, оны әдетте өстік прецессия (axial precession) деп атайды. Жершарының айналу өсінің өзгеруіне ілесіп оның "темірдей қазығы" (полюс нүктесі) да тарихта түрліше болған, болашақта да түрліше болады. Шамамен 4800 жылдың алдында, Полюс нүктесі жұлдызы α Айдаһар жұлдызы болған. Ежелгі грекиялық жазбалар бойынша "темірдей қазық" β Кіші аю жұлдызы болғаны анықталған. 2100 жыл өткенде қазіргі Кіші аю α мен темірқазық бағытының бұрышы ең кішкене болды (27'38"). Яғни, кезекте осы α Кіші аю жұлдызы жер үшін қозғалмайтын полюс жұлдызы есебінде жер шарының "темірдей қазығы" есептеледі, әрі ресми түрде Темірқазық жұлдызы деп аталады.
31 ғасырдан кейін γ Цефей жұлдызы жер шарының "темірдей қазығы" болады. 14000 жыл шамасында уақыт өткен соң α Лира жұлдызы жер шарының "темірдей қазығы" болады.