From Wikipedia, the free encyclopedia
Титикака (ис. Titicaca, кеч. Titiqaqa, айм. Titiqaqa) – Оңтүстік Америкадағы Орталық Анд тауында орналасқан тұзды көл. Жер шарының биік таулы өңірінде орналасқан көлдердің ең үлкені (3812 м биіктікте). Перу мен Боливия мемлекеттерінің шекарасында орналасқан. Аудан 8,3 мың км², суының көлемі 710 км3. Ұзындығы 150 км, ені 70 км, орташа тереңдігі 304 м. Көл қазаншұңқыры тектоникалық жолмен қалыптасқан, жағалауы қатты тілімделген, солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс жағалауы тік беткейлі. Титикакаға 45 өзен (ірісі Рамис) құйып, Десагуадеро өзен ағып шығады. Десагуадеро өзен Поопо көліне құйып, оны Титикакамен жалғастырады. Титикака – ежелгі көлемді суқойманың қалдығы; суының химиялық құрамы мұхит суына жақын. Суының орташа температурасы 11°С. Көл суы балық аулау, кеме қатынасы, жер суару үшін пайдаланылады. Жағалауында ірі портты қала – Пуно орналасқан. Көлдің оңтүстік-шығысы мен аралдарда ежелгі үндіс мәдениетінің ескерткіштері бар.
Титикака ис. Titicaca, кеч. Titiqaqa, айм. Titiqaqa | |
Титикака көлі | |
Морфометрия | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 3812 м |
Өлшемі | 176 × 66 км |
Ауданы | 8372 км² |
Көлемі | 893 км³ |
Жағалау сызығының ұзындығы | 1125 км |
Тереңдігі | 281 м |
Орташа тереңдігі | 107 м |
Гидрология | |
Судың тұздылығы | 780—1030 ‰ |
Судың мөлдірлігі | 4,5—10,5 м |
Су алабы | |
Суды жинау ауданы | 58 000 км² |
Орналасуы | |
15°50′11″ о. е. 69°20′19″ б. б.15.8364° о. е. 69.3386° б. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | Перу Боливия |
Аймақтар | Пуно, Ла-Пас |
Титикака Ортаққорда |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.