Тиынтық (лат. Hedysarum) — бұршақ тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер мен бұталар. Қазақстанның шалғынды жерлерінде, далалық аймақтарында, тау өзендерінің жағалаулары мен қарағай, қайың өскен ормандардың арасында, таудың субальпілік беткейлерінде өсетін 38 түрі бар, оның 15-і – эндемиктер (бозгүлді, Мыңжылқы, шалатегісті, Дмитриева, түкті, Павлов, тікенді, Линчевский, Крылов, үшкіржапырақты, Кіндіктас, Хантау, Жамбыл, Қастек, Бектауата Т-ғы). Бұлардың биіктігі 20 – 120 (180) см, сабақтары бұтақты, араларында сабақсыз түрлері де кездеседі. Жапырақтары сыңар қауырсынды, өркеннің бойында 4 – 8 жұп жапырақтары орналасады, сабағының ұшында жалғыз жапырағы болады. Тостағанша жапырақшалары қоңырау тәрізді, күлтесінен қысқа. Қызғылт, күлгін, қошқыл, сары түсті гүлдері қалың шашақ гүлшоғырына жиналған. Маусым айынан шілдеге дейін гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – жалпақ не сәл дөңестеу бұршақ. Бұршағы тиынға ұқсас (өсімдіктің аты осыған байланысты қойылған) бірнеше бөліктерден бұрады. Тиынтық – құнарлы мал азығы, бұларды қой, жылқы, марал жақсы жейді. 3 түрі: Бектауата тиынтығы, Қаратау тиынтығы (Н. karatavіense), шыбықша тиынтығы (Н. scoparіum) ҚазақстанныңҚызыл кітабына” енгізілген. [1]

Дереккөздер

  1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 18 том
A.
Бектауата.


Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.