Торша
From Wikipedia, the free encyclopedia
Торша — вирустардан басқа барлық тірі организмдердің негізгі тіршілік бірлігі.
Торша өз бетімен ағза сияқты немесе көп торшалы азғалар құрамында өмір сүре алады. Торша — күрделі ағза, өмір сүруі мен көбеюіне жауапты көптеген құрамдары бар. Ондай арнайы құрамдар (органоидтар) қатарына рибосомалар, митохондриалар, эндоплазматикалық ретикулум, Гольджи комплексі, лизосомалар, торша мембранасы, хромосомалы ядро (нуклеоид), микрофибрилдер т. б. кіреді. Торша өте көп және әртүрлі қызметтері — белоктың түзелуі, ондағы генетикалық акпараттардың іске асуы, тіршілік процестерінің реттелуі ферменттердің көмегімен жүргізіледі.[1]