Тоқ ішек (ободочая кишка) (intestinum crassum, лат. intestinum — ішек, crassum — тоқ) — асқорыту жүйесінің соңғы бөлімінің ортаңғы бөлігі. Тоқ ішектің қабырғасы ішкі — кілегейлі, ортаңғы — етті және сыртқы —сірлі қабықтардан тұрады. Оның кілегейлі қабығында ішек бүрлері болмайды. Ол бірқабатты призма тәрізді эпителиймен астарланған. Жылқы және шошқа тоқ ішегі қабырғасында ұзынынан орналасқан етті таспалар және олардың аралықтарында қалташалар болады. Тоқ ішекте қорытылған қоректік заттар толығымен сіңіріліп, қорытылмаған азық қалдықтары нәжіс түрінде сыртқа шығарылады.[1]

Дереккөздер

  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9


Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.