Тоңмеоңсоң ван
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жумоң - кәріс мифологиясында Когурё мемлекетінің негізін қалаушы, Ко әулетінің арғы бабасы. Жумоң туралы аңыздар негізінен, Пуё мемлекетінің негізін қалаушы Тонмён туралы аңызбен үндес. Ертедегі жазбаларда (Квангэтхо-ван стелласы, V ғ., Вэй шу, VI ғ.) Чумон туралы аңыз Тоңмион аңызынан жеке айтылған. Бірақ XII — XIII ғғ. дереккөздерде екі аңыз бірігіп, Тонмён-Жумоң туралы аңыз Хэбуру және Гымуа, Хэмосу және Люхва аңыздарының жалғасы болды. Тоңмион аты Жумоңның өлгеннен кейінгі храмдық аты болды. Ли Гюбоның "Тоңмион ван" поэмасындағы айтылатын аңыз бойынша, Хабектің қызы Люхва Аспан билеушісінің ұлының заңсыз әйелі болған. Оған күн сәулесі түскен соң, оң қолтығынан жұмыртқа дүниеге келген. Оны атқораға тастаса да, аттар оған тиіспейді. Жұмыртқаны адам аяғы баспаған тауға апарып тастайды. Дегенмен, аңдар жұмыртқаны қорғап, күзетеді. Үнемі ол өзінен жарық сәуле шашып тұрады. Жұмыртқаны анасына қайта әкеліп береді де, жұмыртқадан ерекше бала пайда болады. Ол бала кезінен садақ атудан алдына жан салмайды, сондықтан оған Жумоң (Буио тілінде — «керемет мерген») деген ат беріледi. Пуё билеушісі Гымуаның ұлдары, Жумоңның ағалары, қызғаныштан Жумоңды ағашқа байлап, олжасын тартып алады. Ағашты тамырымен қопарып Жумоң үйіне қайтып оралады. Жумоң Чолбончхон («Вэйшу»: Хылсынголсон) жеріне келіп, астананың негізін қалады. «Капсин» жылында, яғни б.з.д 37 жылы Жумоң 22 жасында таққа отырды. Мемлекетті Когурё деп атады.[1] Хэ тегін ауыстырып, Ко («биік») тегін алды. Жумоңға көрші билеуші Сониян бағынды. Жумоң билігінің 19 жылында аспанға көтеріліп, кері қайтпады. Оның қалдығын Айдаһар (Ёнсан) тауынан тапты.[2][3] Аспан қалауымен Жумоңның үлкен ұлы — Юри таққа отырды. 6 ғасырда Пхеньянда Жумоң құрметіне тұрғызылған ғибадатхана — Кодынсина. Корё билеушілері (10-14 ғғ.) оған ата-баба рухы ретінде табынған.
Тоңмиоңсоң | ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
б.з.б 33 — б.з.б 18 | ||
Ізашары | мемлекет негізін қалады | |
Ізбасары | Юримен ван | |
Өмірбаяны | ||
Дүниеге келуі | б.з.б 59 Корея түбегі | |
Қайтыс болуы | б.з.б 18 | |
Династия | Ко | |
Туған кездегі есімі | Жумоң | |
Әкесі | Хемосу | |
Анасы | Юхуа | |
Жұбайы | Ие Со Я Со Со Но | |
Балалары | Юри | |
өңдеу |