Трапеция
From Wikipedia, the free encyclopedia
Трапеция (от көне грекше: τράπέζιου — «үстел»; τράπεζα — «дастарқан, ас, тамақ») деп тек қарама–қарсы екі қабырғасы параллель, ал қалған екі қарама-қарсы қабырғалары қиылысатын төртбұрышты айтады.
Параллель қабырғалары трапецияның табандары деп аталады, басқа екі қабырғасы бүйір қабырғалары деп аталады, ал бүйір қабырғаларының орталарын қосатын кесіндіні трапецияның орта сызығы деп атайды.