Трасология
From Wikipedia, the free encyclopedia
Трасология (фр. trace – із және грек. logos – ілім) — іздер туралы криминалистикалық ілім. Криминалистикалық техниканың құрамдас бөлігі. Адамның (аяғының, қолының, тістерінің, ерінінің, аяқ киімінің), жануарлардың, көлік құралдарының, қылмыс құралының іздерін, олардың пайда болу механизмін, із арқылы анықтау және салыстыру тәсілдерін зерттейді. Іздің пайда болу заңдылықтарын, із түсіруші және із қабылдаушы объектілердің қасиеттерін анықтайды.[1]
ХХ ғасырдың ортасынан бастап трасология әдістері археологиялық зерттеулерде қолданыла бастады. Археологиялық трасология — іздерді зерттеу арқылы адамның өткен кездегі іс-әрекетін тану әдісі: тастан, сүйектен, металдан немесе басқа материалдардан жасалған ежелгі құралдарда, сондай-ақ осы құралдарды қолдану іздері.