From Wikipedia, the free encyclopedia
Тілдік категория (грек. kategoria) кең мағынасында жалпы қасиетке ие болатын тілдік элементтің кез келген тобы. Tap мағынасында — бірыңғай тілдік бірліктердің жиынтығы (Мысалы, етіс категориясы, есім категориясы, септік катеогориясы, тәуелдік категориясы). Тілдік категорияны жүйелеу синтаксистік және семантикалық белгілерге байланысты жүргізіледі. Категориялық белгі семантикалық, синтаксистік және жалпыкатегориялық болады. Сөз табына бөлінуіне қарай категориялық белгілер — модификациялық және классификациялық болып бөлінеді. Тілдік категория термині Аристотель еңбектерінде алғаш қолданылып, 10 түрге бөлінген: мән, сапа, қатынас, мекен, уақыт, жағасырдай, қалып, әрекет және шыдам. Категорияны Бұлайша бөлу кейін сөз табын жүйелеуде негізге алынды. Лексикологияда "лексико-семантикалық категория" бөлек көрсетіледі: Мысалы, "тірі мақұлқат атауы", "мамандық атауы", "есімдік атауы", "қозғалыс атауы" т. б. Егер сөздің категориялық семасы сөзжасамдық тұлғаларымен тұлғаланса, онда сөзжасамдық категория делінеді (Мысалы, оқушы, көруші, көрермен субъектінің атауы; Сарыарқа, Жетісу, Ақдала жер атауы т. б.). Синтаксистік парадигматикада "сөйлем категориясы", "коммуникативтік-грамматикалық категория" т. б. деген ұғымдар бар. Тілдік категорияның ең маңызды әрі біршама жақсы зерттелген бөлігі грамматикалық категория. Грамматиканың мағынасына байланысты грамматикалық категория номинативтік (семантикалық, референциялық) категория және синтаксистік (реляциялық) деп бөлінеді.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.