From Wikipedia, the free encyclopedia
Тіс кариесі – тістің қатты тіндерінің бұзылуынан тісте қуыстың пайда болуы; өте көп тараған ауру. Тіс кариесі тым ерте басталады, әсіресе, балаларда тұрақты азу тіс шыққаннан кейін байқалады. Кариес тұрақты тістерді де, сүт тістерді де зақымдайды. Тіс кариесінің пайда болуына негізінен стрептококк бактериясы әсер етеді. Бактериялардың әр түрлі тәтті тағамдарды көп жегеннен қышқыл ферменттер бөліп шығаруынан тістің қатты тіндері жұмсарып, бұзыла бастайды. Сонымен қатар тіс кариесінің пайда болуына дұрыс тамақтанбау (тамақта көмірсудың көп болып, белок, витамин, кальций және фосфор тұздарының жетіспеуі), тісті дұрыс күтпеу өз әсерін тигізеді. Ауру тістің сыртында кішкене ақ дақтың пайда болуынан басталады. Дер кезінде дәрігерге көрінбесе, процесс тіс қуыстарының жұмсақ тіндеріне таралып, тістің эмалі босап, жұмсара бастайды. Тіс, әсіресе, тәтті не қышқыл тағам жегенде ауырады. Ауырған жерде тістің дентині шіріп, ойылады. Осы кезде емдемесе, одан әрі тіс ұлпасы (жүйкесінің ұшы) зақымдалып, ойық тереңдей түседі, соның салдарынан пульпит ауруы (тіс ұлпасының қабынуы) дамиды: Кариестің одан әрі асқынуы салдарынан тіс айналасындағы тіндердің (периодонтит) және сүйек қабығының (периостит) қабынуы мүмкін. Асқынудың аса ауыр түрлері: жақ сүйегінің қабынуы (остеомиелит), сонымен қатар жақты жауып тұратын жұмсақ тіндердің едәуір мөлшерде іріңдеуі (абцесс, флекмона) байқалады. Егер кариес қуысында тамақ қалдығы қалса, ол жерге микроб жиналады. Мұндай тіс – жұқпалы аурулардың көзі: бадамша безіне бактериялар түсіп, жиі-жиі баспаға ұшыратады. Одан басқа жиі кездесетін тіс аурулары: пародонтит, қанжел (пародонтоз), онда тіс түбірлері жалаңаштанып, оларда тіс тасы орнығады, қызылиек қабынады, іріңдеп, ақырында тіс босап, түседі. Аурудың алдын алу шаралары: дұрыс тамақтану, ауыз гигиенасын мұқият сақтау, жылына 2 рет стоматологқа қаралып тұру.[1]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.