From Wikipedia, the free encyclopedia
Түтіктіс, африка түтіктісі (лат. Orycteropus afer) - түтіктістілер тұқымдасының қазір тіршілік ететін жалғыз түрі. Негізінен Африкада Сахараның оңтүстік далаларын мекендейді.
Түтіктіс Қазбалық ауқымы: Early Miocene–Recent | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Orycteropus afer (Pallas, 1766) | ||||||||||||||||
Ареал
|
Денесінің ұзындығы 1 – 1,5 м, құйрығының ұзындығы 45 – 60 см, салмағы 50 – 70 кг. Қалың терісі сирек, қоңыр сұр немесе сарғыш сұр тікенекті қылшықпен жабылған. Тутіктістің бір түртармағы құйрығының қылшығы ақ түсті. Тұмсығының ұшы түтік тәрізді созылған. Алдыңғы аяғы төрт, артқылары – бес саусақты. Мықты тырнақтарымен термиттердің інін және жер қазады. Тілі ұзын, құрт тәрізді. Тістері дентинді, бір-бірімен бірігіп кеткен түтіктерден тұрады (аты осыған байланысты қойылған). Азу және күрек тістері жоқ. Қалың ормандардан басқа жерлерде тіршілік ете береді. Қорегін іздеуге түнде шығады. Ұзындығы 3 м-ге дейін ін қазады. Термиттермен және құмырсқалармен қоректенеді.
Жылына 1 рет (қазан – қараша айларында) аналығы жалғыз (сирек 2) ұрпақ табады. Ол анасына 6 айдай еріп жүреді. Табиғи жағдайда 10 жылдай өмір сүреді. Тутіктістің етін жергілікті халық тағам ретінде пайдаланады, мықты терісінен ер-тұрман, белбеулік қайыс, білезік, ал тырнақтарынан әр түрлі әшекейлік заттар жасалады. Осыған байланысты өте көп ауланады, сондықтан саны жылдан жылға азайып келеді.[2]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — зоология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.