Тұйық көл
From Wikipedia, the free encyclopedia
Тұйық көл – жер бетімен де, жер асты жолымен де ешқандай су ағып шықпайтын көл, ылғал негізінен булануға шығындалады. Тұйық көлдің жер беті салалары болуы мүмкін және салаларының болмауы да мүмкін. Көбінесе дала және шөлейт белдемнің тұйық аймақтарында және көпжылдық тоң жаппай таралған аймақтарда кездеседі.[1]