Тұщы су
From Wikipedia, the free encyclopedia
Тұщы су — минералдану дәрежесі 1 г/л-ден аспайтын табиғи су атауы, минералдануы 1%-дан кем су.[1]
Жер бетіндегі судың көлемі 1400 млн текше шақырым. Оның 2,5 пайызы, яғни 35 миллион текше шақырымы ғана ішуге жарамды тұщы су. Егер де адам саны (қазірдің өзінде 7 миллиард) жылдан-жылға өсе берсе, алдағы 30-40 жылда бір жұтым су табудың өзі жер шарының кейбір аймақтарында қиямет-қайымға айналмақ. БҰҰ зерттеуінде алысқа бармай-ақ 2030 жылдары 5 миллиард халық тұщы судың зардабын тарта бастамақ. Бұл - әлемдегі халықтың 67 пайызы ауызсуға қаталайды деген сөз. Дамушы елдердегі аурулардың 80 пайызы сапасыз суды пайдаланғаннан болуда. Содан жыл сайын 3 миллион адам шейіт болады екен. Шөлді, шөлейтті, жартылай шөлейтті болып келетін Қазақстанда суға қаталап жатқан ел. Бүгінгі күні Қазақстанда жер үстіндегі сулардың көлемі 42 млрд т. м. құрайды. Ал жерасты суларының қоры 19 млрд т. м. 2012 жылы қаңтар соңында Ресей ғалымдары Антарктида мұзын 30 жыл бұрғылап, 4000 метр тереңдіктен әлемдегі аса ірі тұщы көлді тапты. Ол көл жалғыз емес екен. Мәңгілік мұзды аймақта ірілі-уақты 80 көл бар болып шықты. Егер де ол суларға қолжетімді болса, жер бетіндегі халықты 150 жыл ауызсумен қамтамасыз етуге болады екен. Бірақ тұщы су мұз астында, тым тереңде жатыр