Тұғырыл хан
From Wikipedia, the free encyclopedia
Тұғырыл хан, Тоғрыл, Тогрул, Он хан (шамамен 1140 – 1203) – Керей хандығының ханы, Бұйрық ханның бес ұлының бірі. Шыңғыс ханның әкесі Есугеймен анда болған. Шыңғыс ханның тарих сахнасына көтерілуінде шешуші рөл ойнаған маңызды тұлға деп есептеледі.
Тұғырылхан хан | ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
1168-1203 | ||
Өмірбаяны | ||
Діні | тәңіршілдік | |
Дүниеге келуі | 1130 (1130) Моңғолия | |
Қайтыс болуы | 1203 (1203) | |
Династия | Керей хандар әулеті | |
Әкесі | Құржақұз-Бұйрық | |
Әскери қызметі | ||
Атағы | Ұлы хан | |
өңдеу |
Тұғырыл хан - Керей ханы Бұйрықтың бес ұлының бірі ретінде әкелері өлгеннен кейін, олар хан тағы үшін өзара қақтығысты. Билікке келген Тоғорыл ханды ағасы Ерке Қара наймандардың көмегімен тақтан тайдырды. Бірақ Тоғорыл хан моңғол қолбасшысы Есугейдің көмегімен билікті қайта қолына алды. Енді оған қарсы әкесінің інісі Гүр хан араласады. Қарауыл Қыпшақ деген жерде Гүр хан Тоғорыл ханды шапқан. Қашып құтылған Тоғорыл ханға тағы да Есукей көмекке келіп, билікті біржола қолына алып берді. Осы кезден бастап Тоғорыл хан – Есукей, керей мен моңғол, кейін Тоғорыл хан мен Темучин (Шыңғыс хан) арасындағы андаластық-достық қатынасы басталған. Тоғорыл хан билігі тұсында керей елі Моңғол үстіртіндегі елеулі әскери-саяси күшке айналды.
Тываның қара орманына ел ордасын тігеді. Сөйтіп, Керей ұлысы мемлекеттік сипатқа ие болды. Керейлердің күшейген кезеңінде Есукей батыр өліп, бөржігін ақсүйектері саяси күйзеліске ұшырады. Есукей батырдың үлкен ұлы Темучин әкесінің андалы достық жолын ескеріп, Тоғорыл ханға әке орнына әке болуын өтінді. Тоғорыл хан келісімін беріп, бұл оқиға Темучиннің саяси сахнаға көтерілуіне алғашқы бастама болды.
1179 ж. Темучин, Тоғорыл хан және Жамұқамен бірлесіп Бугур Кегер шайқасында меркіттерге күйрете соққы беріп, меркіттерге қолды болған қалыңдығы Бөртені қайтарды. Бұл оқиға Тоғорыл хан мен Темучин арасындағы қарым-қатынасты нығайта түсті. Темучин 1189 ж. өз әулетінің ханы сайланғанда Тоғорыл хан оны алғаш қолдап, ақ батасын берді.
1198 ж. Тоғорыл хан Темучинмен бірлесіп шүршіттерге көмекке аттанып, татар ханы Мэгужин Султінің басын алғаны үшін шүршіт ханы Вангин Чинсаннан Уаң (Ван) хан, яғни “ел, ұлыс билеушісі” деген лауазым алды. Осы кезден Тоғорыл хан тарихи әдебиеттерде Уаң хан (Ван хан) атана бастады.
Тоғорыл хан мен Темучин 1201 ж. Жамұқа бастаған Алақай Бұлақ одағына соққы берді. 1203 ж. Темучинмен бірлесіп, найман Бұйрық ханға шабуыл жасады.
Тоғорыл ханның Нилқа Сәңкүм және Ұйқы атты екі ұлы болған. Сәңкүм өзін Темучиннен кем санамаған. Осы жай ақыры Тоғорыл хан мен Темучин арасына сызат түсірді. Жамұқаның араласуымен бұл оқиға, тіпті Темучинді өлтіру әрекетіне ұласты. Ендігі жерде Темучин күшке көшті. Сөйтіп, екі жақ 1203 ж. ақтық шайқасқа шықты, керейлер жеңіліп, тарих тұғырынан тайды. Тоғорыл хан ұлы Сәңкүммен бірге найман шекарасына жеткен жерінен қолға түсіп, қаза тапты. Баласы қашып құтылып, Си Ся елі арқылы Тибетке жетіп, одан Қашқарға оралғанда Қашқар билеушісі оны өлтіріп, бала-шағасын Шыңғыс ханға қайтарды.[1]