Тәңір
From Wikipedia, the free encyclopedia
Тәңір — ежелгі түркілер, оның ішінде қазақтардың сенген бағызы монотеистік Құдайдың аты. Ол табиғат құбылысын, әлем құрылысын басқаратын, адамдарды өмірге жетелейтін құдіретті тылсым ие. Тәңіршілдік ең ежелгі табиғи сенім. Онда пайғамбар жоқ, әркім өз адами деңгейінде Тәңірін тани алады, сеніп, медет ете алады. Оның кітабы жоқ, осы дүние Тәңірінің кітабы. Жарық өмір Тәңірінің сыйы. Демен осы дүниеде батыл да дана өмір сүру Тәңірінің еркін медет етуден қолдау алады. Тәңір бірегей, әрине ол философиялық мағынадағы бір, не көп емес, бірақ біртұтастық. Ол дүниемен біртұтас және дүниеден, өмірден жоғары құдірет. Табиғат заңдары Тәңіріден бастау алады, Тәңірін тану табиғат заңдарын танумен бір мағынада. Сондықтан ол еркін өмір мен ғылыми, табиғи сенімге алып келді. Түркілер Биіктегі Тәңірі құдіреттің киелі ымында қара жер бетінде салуалы, батыл, қайсар, саналы ғұмыр кешуді Тәңірмен бірлік деп түсінді. Тәңір сенімінде о дүние жоқ. Тек осы жарқын дүние бар: таң және іңір диалектикасы. Ол үшін өмір бір реткі өзін көрсету, паш ету майданы. Өлім - ұйықтау, не ұша бару. Тағдырды - дүниенің ең жалпылық заңдарын тәңірі жасайды, адам сол заңдарды пайдаланып мына дүниеде ізгі де батыл адам болуы керек. Тәңірі сондайларды қолдайды, қорғайды. Кейбір дәстүрлі сенімдерде Тәңірмен бірге "Ұмай ана айтылады. Ол - молшылық, құт-береке мен кие құдай-анасы.
Тәңірі ұғымы Таң және Іңір сөздерінен қалыптасып, дүниенің қарма-қайшылық тұтастығының арғы тұтастырушысы ретінде түсініліп, біртіндеп киелі құдірет ретінде түркілік сенімнің қазығына айналған. Кейін Ислам діні келген соң да қазақтар және басқа ұлттар Тәңірі сөзін Алланың орнына еркін ауыстырып қолдана берді, бұл олардың Құдайдың сипатын таза Ибраһимдік діндер үлгісінде емес, көшпелілердің Тәңірі үлгісінде қабылдағанын білдіреді.