Төле - Wikiwand
For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Төле.

Төле

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Төле
Тулуй

Лауазымы
Моңғол империясының регенті
1227-1229
Ізашары Шыңғыс хан
Ізбасары Үгедей
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 1186/1190 немесе шам. 1193
Қайтыс болуы 1232
Моңғолия
Династия Шыңғыс хан әулеті
Әкесі Шыңғыс хан
Анасы Бөрте
Жұбайы Сорхахтани-бегім
Балалары Мөңке
Құбылай
Хулагу
Арықбұға

Төле, Толи, Толуй (1186/1190 немесе шам. 1193 - 1232) – түркі-моңғол ханзадасы, Шыңғыс ханның 4-ұлы. Шешесі Бөрте – қоңырат тайпасынан шыққан. Төле жас кезінен бастап үнемі әкесінің жанында болып, моңғолдардың негізгі жорықтарының бәріне дерлік қатысқан. Кейіннен Шыңғыс хан өзі билеген аймақтарды Бөртеден туған 4-ұлына бөліп бергенде, Төлеге қарашаңырақ иесі – кенже бала ретінде моңғол үстірті мен түркі-моңғолдардың негізгі әскер күші мұраға қалдырылған. Әкесі қайтыс болғаннан кейін ол тақ мұрагері – ағасы Үгедейге бағынды және мемлекеттегі аса беделді адамдардың бірі ретінде елдің ішкі-сыртқы саясатында үлкен рөл атқарды.

Негізгі әскер күшін өз қолында шоғырландырған ол моңғолдардың 12351242 ж. Қытайға, Шығыс Еуропаға, Иранға жасаған жорықтарына белсене араласып, көмекке балаларын жіберіп отырды. Жазба деректерге қарағанда Төле ағалары Шағатай мен Үгедейден бұрын қайтыс болған. Балаларының ішіндегі тарихта қалғандары Батудың көмегімен Шыңғыс хан империясының билеушісі болған Мөңке, Қытайды жаулап алып, Юань әулетінің негізін қалаған Құбылай және Иран мен Иракты жаулап алған Хулагу.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том.

Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.Суретті мыннан табуға болады: осы мақаланың тақырыбына байланысты сурет Ортақ қорда табылуы мүмкін; мақаланың өзге тіл уикилеріндегі нұсқаларын қарап көріңіз; өзіңіз жасаған суретті жүктеңіз (авторлық құқықпен қорғалған сурет қоспаңыз!).
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Төле
Listen to this article