Төреші
From Wikipedia, the free encyclopedia
Төреші - құқықта ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, азаматтардың қатысуымен экономикалық дау-дамайларды шешетін, лауазым иесі. Делдал, аралық сот; кейбір елдерде — кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер арасындағы шаруашылық дауларды қарастыратын лауазымды тұлға. Төрешінің өкілетті міндеттері мен атқаратын қызметтері тиісті Төреліктің қызметтерін реттейтін заң актілерімен айқындалады. Төреші даулы істерді қарауға басшылық жасайды, тараптардың құқылары мен заңды мүдделерін қорғай отырып, іс бойынша шешімдер қабылдайды немесе шешім қабылдауға қатысады. Төреші заңдылықтың, мемл. тәртіптің бұзылғандығын, шаруашылық қызметінің кемшіліктерін айқындап, оларды жоюға және ескертуге, шара қолдануға міндетті. Өзіне берілген құқылар шеңберінде іс қарауға байланысты арбитрдың қойған талаптарын кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, сондай-ақ лауазымды адамдардың бәрі орындауға тиіс.