УЕФА - Wikiwand
For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for УЕФА.

УЕФА

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Union of European Football Associations
Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы


УЕФА рәмізі


UEFA мүше қауымдастықтары көкпен көрсетілген

Құрылуы1954 ж. 15-інші маусым
ТүріСпорт ұыймы
Бас кеңсесіНьон, Швейцария
Мүшелері55 ұлттық қауымдастық
Ресми тілдеріағылшын, француз, неміс
ПрезидентМишель Платини
Ресми торабыhttp://www.uefa.com/

УЕФА (ағылш. Union of European Football AssociationsЕуропалық футбол қауымдастықтарының одағы) — Еуропа мен бірнеше Азия футболының әкімшілік және меңгерушілік ұйымы. Ол Еуропа елдерінің футбол қауымдастықтарын біріктіреді. УЕФА барлық Еуропаның клубтық және кұрама жарыстарының ұйымдастырушысы.

УЕФА - ФИФА ұжымына кіретін 6 континенттік аймақтың бірі және ең байы. Әлемнің барлық дерлік футболшылары осы Еуропада ойнайды, өйткені ең көп еңбек ақы төлейтін осы Еуропа командалары. Әсіресе Англия, Испания, Италия, Германия елдерінде көп табысқа жетуге болады. Және де әлемнің ең мықты ұлттық құрамалырының көбісі де осы УЕФА-да. Мысалға 2010 жылғы әлем чемпионатына УЕФАдан 13 құрама қатысты.

УЕФА 1954 жылы маусымның 15-і күні Швейцарияның Базель қаласында құрылды. Алғашында УЕФА-ға 25 ел кірген. Қазір оның саны 55-ке жетті. 1959 жылға дейін УЕФА-ның штаб-пәтері Париж қаласында орналасқан, Берн қаласына ауысып кетті. 1995 жылдан бері УЕФА-ның штаб-пәтері болып Ньон қаласы саналады. УЕФА-ның алғашқы президенті болып Эббе Шварц сайланды.

УЕФА және Қазақстан

2002 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан УЕФА-ның 52-ші мүшесі болып қабылданды. Қазақстан футбол федерациясын Еуропа футбол қауымдастықтары одағы құрамына қабылдау туралы шешім Стокгольмде өткен УЕФА конгресінде бекітілген. Содан бері бұл күн Қазақстан футболы күні ретінде аталып өтіледі. [1]

УЕФА Президенттері

Аты-жөні Елі Мерзімі
1. Эббе Шварц Дания 1954—1962
2. Густав Видеркер Швейцария 1962—1972
3. Артемио Франки Италия 1972—1983
4. Жак Жорж Франция 1983—1990
5. Леннарт Юханссон Швеция 1990—2007
6. Мишель Платини Франция 2007-2015
Анхель Мария Вильяр (м.а.) Испания 2015—2016
7. Александер Чеферин Словения 2016 — қазірге дейін.

Жарыстар

Құрама командалары

  • Футболдан Еуропа чемпионаты
  • Футболдан жастар арасында Еуропа чемпионаты
  • Футболдан Еуропа чемпионаты (19 жасқа дейінгі жасөспірімдер)
  • Футболдан Еуропа чемпионаты (17 жасқа дейінгі жасөспірімдер)
  • Футболдан қыздар арасында Еуропа чемпионаты
  • Футболдан қыздар арасында Еуропа чемпионаты (19 жасқа дейінгі қыздар)
  • Футболдан қыздар арасында Еуропа чемпионаты (17 жасқа дейінгі қыздар)
  • Футзалдан Еуропа чемпионаты
  • Футзалдан жастар арасында Еуропа чемпионаты

Клубтық

бұрын болған турнирлер:

УЕФА мүшелері

Дереккөздер

  1. Бүгін - Қазақ футболының күні.
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
УЕФА
Listen to this article