Уикипедия:Тексерілмелдігі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Уикипедияға ақпаратты қосу үшін оның «ақиқаттығы» емес «тексерілмелдігі» негіз болып табылады. Яғни, оқырман Уикипедияда берілген ақпараттың беделді дереккөздерінде жарияланғандығынан сенімді болуы қажет. Мақала авторлары күмәндануға себепкер болған немесе болатын дәйек сөз немесе ақпараттың жанына беделді дереккөзін[1] көрсетуге міндетті. Көрсетілмеген жағдайда мәліметтердің жойылу қаупі бар.
Лақап: УП:ТЕК УП:ТЕКСЕРУ |
---|
Бұл бет – қазақша Уикипедияның ережелері мен нұсқауларының бір бөлігі. Осында берілген ережелерге сүйеніңіз. Бетті өңдеудің алдында келісімге сәйкес өзгертулер енгізілгенін қадағалаңыз. Күмән тудыратын жағдайда форумда немесе талқылау бетіне жазып талқылаңыз. |
Бір сөзбен айтқанда: Күмән келтіретін әр бір дәйек сөз немесе ақпарат беделді дереккөздер арқылы тексеріліп, оқырман олардың дұрыстығына көз жеткізу керек. |
Тексерілмелдігі — Уикипедия:Бейтарап көзқарас, Уикипедия:Өзіндік зерттеулерге жол бермеу сияқты ережелермен бірге Уикипедияның негізгі ережелерінің бірі болып саналады. Осы ережелер арқылы сипаты мен сапасы жағынан Уикипедия үшін тиімді болып саналатын материалдарға талаптар белгіленеді. Мақала авторларына осы үш ережемен танысып, нұсқау ретінде қолдануға ұсынылады.
Дәлелдеу ауыртпалықтары
- Дереккөзіне сілтемелерді орналастыру жайлы Дереккөздерге сілтемелер тарауынан қараңыз
Егер мақаладағы мәліметтердің дұрыстығы күмән тудырса, мақалаға жаңадан мәліметтер қосқан немесе ескі мәліметтерді өңдеген қатысушы ақпараттың дереккөзіне сілтемені беруі тиіс. Дұрыстығы күмән тудыратын немесе күмән тудыруы мүмкін әр бір дәйек сөз немесе деректерге беделді дереккөздерін сілтеме ретінде орналастыру керек[2][3]. Оқырман күмән тудыратын мақаланың мәтінін оңай тауып алу мүмкіндігіне ие болатындай дереккөзіне сілтеме нақты берілу қажет.
Мақала тақырыбына қатысты беделді дереккөздерін көрсету мүмкін болмаған жағдайда, осындай тәріздес тақырыптарға мақалалардың Уикипедияда мүлдем болмауы жөн саналады[4].
Беделді дереккөзі көрсетілмеген әр бір пікір жойылуы мүмкін. Алайда пікірді орналастырған қатысушы дереккөздеріне сілтемелерді орналастыруға мүмкіндік бермегені үшін қарсылық білдіруі мүмкін. Дереккөзі берілмеген пікірді талқылау бетіне орналастырып, көпшіліктің көмегімен дереккөзін анықтау мүмкіндігі де қарастырылады. Тағы бір оңтайлы тәсіл ретінде дереккөзі көрсетілмеген пікірдің жанына {{дереккөзі келтірілмеген}} (немесе {{subst:БД}})), мақала тарауына {{тарауда дереккөздері келтірілмеген}}, мақалаға — {{дереккөздері келтірілмеген}} үлгілерін қолдануға болады. Өзіңіздің өңдеулеріңізді «өзгертулерді сипаттау» редакциялау терезесінде түсіндіріп, ал егер күмән тудыратын пікір сіздің ойыңызша шындықпен жанаспайтын болса, талқылау бетінде өз ойыңызды ашық жазып, талқыға салыңыз. Сонымен бірге мақаланы талқылау бетінде белгі немесе мақаланың мәтінінде көрінбейтін HTML-түсініктеме қалдыруға болады.
Мақалада дереккөзі көрсетілмеген ақпаратты жойып жіберу дұрыс болады. Көзі тірі адамдар жайлы дереккөзі анықталмаған ақпаратты беруге мүлдем болмайды. Джимми Уэйлс былай деген:
Бұл мәселеге ерекше көңіл бөлемін. Кейбір мақала авторлары әр бір кездейсоқ гипотезалық псевдоақпаратты {{дереккөзі келтірілмеген}} үлгісін орналастырып, жариялауды әдетке айналдырған. Бұл дұрыс шешім емес. Осындай ақпараттар аяусыз жойылуға тиіс. Бұл мәселе дереккөздер арқылы расталмайтын әр бір ақпараттарға қатысты, әсіресе көзі тірі адамдар жайлы жағымсыз ақпараттарды жариялау мүлдем болмайтынын естен шығармау қажет.
Түпнұсқасы (ағыл.)I can NOT emphasize this enough. There seems to be a terrible bias among some editors that some sort of random speculative 'I heard it somewhere' pseudo information is to be tagged with a 'needs a cite' tag. Wrong. It should be removed, aggressively, unless it can be sourced. This is true of all information, but it is particularly true of negative information about living persons.
— Джимми Уэйлс[5]