From Wikipedia, the free encyclopedia
Форум — Ережелер | Сілтеме: УП:ФЕ |
Басқалар · Сұрақтар · Жаңалықтар · Ұсыныстар · Ережелер · Техникалық · Қателер туралы хабарлау · Администраторлар форумы ·
↓ | Беттің сақталған уақыты 2024-09-21 Өтініш, жаңа тақырыпты беттің астынан бастаңыз. |
Уикипедиядағы Бітікші - жобаның техникалық қызмет көрсету құралдарына тиісінше мұрсаты бар қатысушы. Ол мұрсаттарға:
Бітікшілер өзінің қызметін атқару үшін бірінші кезекте ережелер мен қауымдастық келісімдеріне арқа сүйеуге тиісті. Админдер немесе бітікші дәрежесін беру үшін админ дәрежесін алуға өтініш білдіру бетіндегі дауыс беру арқылы білдірілген қауымдастық консенсусы қажет етіледі. Бірақ, кейбір дауыс саны тең болған жағдайларда бітікшілер бұл дәрежені беру немесе бермеу жолын өзінің тыңғылықты ойластырылған дәйекті пікірлерімен шешеді.
Қатысушыдан бот дәрежесін алуға үміткер бот дәрежесін алу үшін өтініш беруі және дәреже беру үшін қауымдастық келісімін алуы керек. Бот дәрежесін алып тастау үшін боттың дәлелді себебі немесе өтініші керек. Қатысушының атауын өзгерту үшін оның келісімі керек.
Бітікшілерге жоғарыда аталған техникалық мұрсаттардан өзге қосымша техникалық мұрсаттарға жатпайтын келесі тапсырмаларды орындау жауапкершілігі жүктеледі:
Ережелерді тұрақты түрде қабылдау бітікшілердің міндетіне жатпайды.
Уикипедия бітікшілігіне үміткер ретінде мына төмендегі талаптарға сай келетін қатысушылар ұсыныла алады:
Жоғарыда аталған талаптарға сай келмейтін үміткерді Уикипедияның ағымдағы бітікшілерінің бірі дауыс беруден алып тастайды.
Бітікші өзінің атқарып отырған қызметіне сай міндеттерін толық атқармай, бітікші ретінде бірде-бір әрекет етпегеніне 3 айдан асса, төрешілер комитетінің оның бітікші дәрежесін алу туралы мәселені дауысқа қоюға құқы бар [2]. Дауысқа қою алдында 5 күн талқыға салу жүргізілуі керек. Талқыға салуға Қазақша Уикипедияда соңғы екі ай ішінде белсенділік танытып отырған, жалпы өңдемелер саны 200-ден асқан қатысушылар қатыса алады. Талқылау мерзімі аяқталғаннан соң төрешілер арасындағы талқылауға орын беріледі, оған тағы 5 күн мерзім беріледі. Осы екі кезең аяқталғаннан соң төрешілер дауыс беруге көшеді, ол да 5 күнге созылуы тиіс. Дауыс берушілердің (төрешілердің) басым көпшілік (2/3) дауысымен шешім қабылданады. Бітікші дәрежесін алу туралы шешім қабылданып бекітілсе, онда бітікші дәрежесін алу туралы ғаламдық стюардтарға жолданады. Бітікші дәрежесі алынғаннан қатысушы - админ дәрежесінде қала береді.Нұрлан Рахымжанов 23:51, 2014 ж. мамырдың 9(ALMT)
Төменде Сіздердің талқылауларыңыз үшін Төрешілер туралы Ережені ұсынып отырмын. Кемшіліктері бар, оны мойындаймын. Бірақ, ең бастысы - істің баспалдағы қаланды. Кемшіліктер талқыға салу арқылы, нақты іс жүзінде қолдану арқылы жөнделіп отыратындығына сенімдімін.--Нұрлан Рахымжанов 19:39, 2014 ж. мамырдың 10 (ALMT)
Төрешілер комитеті - уикипедия жұмысына қатысты әрқилы дауларды басқадай әдістермен шешу мүмкін болмай қалғанда түйінін шешу мақсатында шақырылатын белгілі бір мерзімге сайланған тәжірибелі қатысушылар тобы. Төрешілер комитеті қолдануға болатын кез келген шаралар мен тыйымдарды [3] қолдана алады. Комитет шешімі оның мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады [4].
Бітікшілер осы ережелердің (аса маңызды емес өңдеме жасаушылар мен жұмысында ұзақ уақыт үзілісі барлар үміткерліктен алынуы мүмкін) сақталуын қадағалап отырады.
Төрешілікке үміткер болу үшін өтінім Уикипедия:Төреші дәрежесін тілеу бетінде қалдырылуы керек.
Өкілеттік мерзімі - 1 жыл.
Төрешілер комитетіне сайлау қызмет атқарып отырған Төрешілер комитетінің (ТК) өкілеттік мерзімі аяқталуына кемінде үш апта қалған уақытта басталады. Сайлау алдында оны өткізу кестесі жарияланады.
Сайлау төмендегі кезеңдерден тұрады:
Сайлаудың өткізілуіне бітікшілер жауапты болады, егерде сайлау күрделі бағыт алса, қасына админдердің арасынан өзіне техникалық көмекші алуы мүмкін. Бітікішілердің көмекшілері туралы ашық түрде жариялануы керек.
Үміткерлікке ұсыну мерзімі басталғанға дейін Қазақша Уикипедияда тіркелгеніне кемінде 6 ай болған және қазақша уикипедия бөлімінде кемінде 500 өңдеме жасаған қатысушылар төрешіге үміткер ретінде ұсыныла алады. [5] Төрешіге үміткерлікке шектеусіз мерзімге бұғатталған қатысушылар, сондай-ақ үміткерлікке ұсыну кезеңі басталған уақытта үміткерлік өтінімді талқыға салу аяқталғаннан соң бұғатталу мерзімі аяқталатын қатысушылар түсе алмайды. Бітікшілер осы талаптардың орындалуын қадағалай отырып, ол талаптарға "қолдан жасалған" әрекеттер арқылы (егер өңдеулер саны әдейі, әрекет санын көбейту мақсатында жасалғандығы белгілі болса) қол жеткізілгенін байқаса, талап деңгейінен өте алмады деп есептелінеді. Ондай шешім бітікшілердің консенсусы арқылы қабылданады.
Төрешілерді сайлауға үміткерлерді ұсыну басталған уақытта кемінде 3 ай өтілі бар және кемінде 200 өңдеме жасаған қатысушылар қатыса алады.[6] Егер қатысушы аккаунтының атын өзгерткен болса, оның өтініші бойынша бітікшілер оның өтілі мен әрекеттерін есепке ала алады. Оны тексеру үшін бітікшілер тексерушіге сұраныс жолдайды. Әрине, дауыс беруге қатысушының бір ғана аккаунтына жол беріледі. Үміткер ұсыну құқығы қатысушының кемінде соңғы жартыжылдықта кемінде 100 өңдемесі барларға беріледі.
Бітікшілер осы ережелердің сақталуын қадағалайды және қатысушылардың дауысын сызып тастауға (ақылға келмейтін, берген дауысы санаққа кіргізілмейтін, тиісті талапқа сай келмейтін дауыс берушілердің дауысын) құқылы. Мұндай шешім бітікшілердің консенсусы арқылы қабылданады.
Үміткерлерді талқыға салуға барлық тіркелген, бірақ нақты уақытта бұғатталмаған, уикипедияда өңдемелер жасауға құқылы қатысушылар, тіпті дауыс беру талаптарына сәйкес келмейтін қатысушылар да қатыса алады. Талқыға салу аясында қатысушыларға үміткерлерге олар туралы нақтырақ білу үшін сұрақтар қою ұсынылады. Сұрақ қоймас бұрын, бұрынырақ қойылған сұрақтарға жауап берілуін күту қажет, ол жауаптарды оқып барып қажеттілік болуына қарай өз сұрағын қоюға болады. Сондай-ақ, әрбір сайлау үшін кезекті сайлаудың бароық мәселелерін талқыға салу мақсатында және жеке үміткерді немесе үміткерлер тобын қолдау (қарсы шығу) үгіт-насихатын жүргізу мақсатында тиісті сайлаудың талқылау беттері құрылады. Бұл бет Төрешілер комитетінің бұрынғы шақырылымын талқыға салуға арналмаған.
Сайдауға қатысудан бас тарту туралы үміткер сайлау басталардан кемінде 24 сағат бұрын өзінің өітініш берген бетінде хабарлауы керек.
Бүкіл сайлау мерзімінде ешбір нақты үміткерді көрсетпей немесе ол туралы ымдау көрсетпей, оның ішінде олардың жеке қатысу беттеріне анық шақыру жасамай қатысушыларды төрешілер сайлауына қатысуға шақыруға болады. Сайлау кезеңінде нақты үміткерді қолдау немесе қарсылық білдіруді осы сайлау үшін ашылған нақты үміткерді немесе төрешілер комитетін сайлауды талқыға салу бетінде ғана жүргізуге болады. Бұл беттерден тыс беттерде үгіт-насихатқа, сонымен қатар уики-почтаны бір немесе бірнеше үміткерлерге қолдау білдіру немесе қарсы шығу жұмыстарына қолдануға тыйым салынады. Үгіт-насихат ережесін бұзғандығы үшін бітікшілер мен оның уақытша көмекшілері (лажы болғанынша бітікшілерге) қатысушыны дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзімге бұғаттауы мүмкін.
Төрешілікке үміткерлер дауыс беру алдында әліпбилік оеьпен орналастырылады. Дауыс беру аптаға созылады. Әрбір қатысушы бірнеше үміткер үшін дауыс бере алады, бірақ бір үміткер үшін не "ия", не "жоқ" деген бір ғана дауыс бере алады. Дауыс беру аяқталғанға дейін қатысушылар өз дауысын бітікшілерге тиісінше өтінішпен шыға отырып, өзінің кез келген үміткерге берген дауысын өзгерте алады. [7] Үміткерлерді талқыға салуға дауыс беру бетінде жасалмайды, ондай қарату сөздері бітікшілер тарапынан жойылып отырылады.
Дауыс беру уағында барлық дауыс беруге байланысты дауларды шешу тек қана бітікшілердің үлесіне қалдырылады. Бітікшінің көмекшісі болып табылатын қатысушыны қоспағанда, басқа қатысушыларға басқалардың дауысын сызуға және басқа да әрекеттер ( тіпті өз ойынша дауыс беру уағында анық тәртіп бұзушылық орын алып жатса да) жасауға тыйым салынады. Мұның орнына бітікшілерге немесе оның көмекшілеріне бұзушылық туралы хабарлауы керек.
Өзіне берілген барлық дауыстың, яғни "Қолдаймын" және "Қарсымын" дауыстарының жалпы санының 2/3-інен кем дауыс жинағандар мен "Қолдаймын" дауысын 7-ден аз жинаған үміткерлер сайлаудан шығарылып тасталады. Қалған әр үміткер үшін берілген дауыстардың көп алуына орай үміткерлер тізімі жасалады. "Қолдаймын" дауыстары тең болған жағдайда, "Қарсымын" дауысы аздығы есебімен тізім ретке келтіріледі. "Қолдаймын" және "Қарсымын" дауыстары тең болып қалған жағдайда ол үміткерлердің тізімде орналасуы ретін сайлау барысында қауымдастықта өткен талқыға салуы нәтижесі бойынша бітікшілер консенсусы арқылы шешім қабылданады. Тізімде алғашқы ретпен жазылған жеті үміткер төреші болып сайланған болып есептеледі. Сайлау қорытындысы бітікшілер консенсусы арқылы бекітіледі.
Егер бітікшілердің сайлаудың соңғы қорытындысын шығарғаннан кейін, бестен кем емес төреші сайланғаны белгілі болса, онда сайлау өтті деп есептелінеді. Егер, төреші саны беске жетпей қалса, бір аптадан кейінге қайта сайлау тағайындалады. Ол сайлауға төрешілерге қойылатын талапқа сай келетін, оның ішінде төрешілікке сайланғандар және сайлаудың өткен турларында 50 %-дан кем дауыс жинағандар мен өз үміткерлігін өзі алып тастағандардан басқасы қатыса алады. Үміткерлер ұсынылғаннан соң тура сайлаудағыдай талқыға салу, дауыс беру және қайта сайлаудың қорытындысы шығарыылады. Қайта сайлау нәтижесі бойынша сайланған төрешілер санын 5-ге жеткенге дейін қанша орын бос тұрса, соңғы тізімде алғашқылары болып ілінгендер сол орындарға сайланған болып есептеледі. Егер соңғы тізімде қажетті бос орынға сайланғандардың саны қажеттіліктен кем болса да сайлау аяқталған болып есептеледі.
Егер, сайлау немесе қайта сайлау өткізілгененен кейін де төрешілер саны 3-ден кем болмаса, төрешілер комитетінің жаңа құрамы сайланған болып есептеледі де жұмысын бастай алады. Сайлау немесе қайта сайлау өткізілгеннен кейін төрешілердің жалпы саны 3-еуден кем болса, олар қайта сайлау өткіәзіліп, төрешілер саны үшеуден кем болмағанға дейін қызметіне кірісе алмайды. Төрешілер комитетінің жаңа құрамы жұмысын бастағанға дейін бұрынғы шақырылымдағы төрешілер комитеті жұмысын жалғастыра береді.
Бітікшілердің сайлау нәтижелерін жариялағанынан кейін үш күннен кешіктірмей төрешілер комитетіне өтініш беру арқылы сайлау нәтижелеріне наразылық білдіре алады. Тиісті өтініш төрешілер комитетінің ескі құрамымен қаралады. Үш күн мерзім ішінде наразылықтар түспесе, сайлау нәтижелері күгіне енген болып есептеледі.
Админ техникалық жалаушасы жоқ жаңа сайланған төрешілерге өкілеттік мерзімі шегінде бітікшілер тарапынан жойылған мақалалар мен қиянат жасау журналындағы жазбаларды көре алуы үшін админнің арнайы жалаушасы уақытша беріледі. Төрешілер комитетінің өкілеттік мерзімі аяқталғаннан соң, бітікшілер берілген жалаушаларды қайта алуға тиісті.
Өкілеттік мерзімі аяқталған Төрешілер комитеті жаңа шақырылым құрамынан өздері қарап, тек қана шешім шығару үшін шешім жобасы жарияланған өтінім бойынша қосымша уақыт сұрауы мүмкін. Бұл жағдайда төмендегі шарттар орындалады:
Төрешілер комитеті - дауларды шешудегі уикипедияның жоғарғы сатысы болып саналады. Уикипедия саясаты мен ережелері қауымдастық консенсусы арқылы қабылданатындықтан, оларды Төрешілер комитетінің құрастыруына жол берілмейді. Бірақ қаралып жатқан мәселе бойынша олардың қолданылуын талғап-талдап түсіндіруге құқылы.
Төрешілер комитетіне күрделі дауларды тиімді шешуде өзін көрсете білген қатысушылар сайлануы тиіс.
Төрешілер комитеті тек қана басқа әдістермен шешімін таппаған маңызды мәселелерді ғана қарауға тиісті, егер төрешілік реттеуге дейін талқылануға түспеген даулар туралы өтініш түсіп жатса оны қараудан бас тартуы керек.
Төрешілер комитетіне жасалар өтінім Уикипедия:Төрешілерге өтінімдер бетінде орналастырылады.
Жаңа өтінімдер | Ережелерді түсіндіру үшін: өтім берушілер тізімі, ережені түсіндіруге қажеттілік туындаған себептерді түсіндіру және Төрешілер комитеті жауап беруі тиісті сауалдар. |
Админдер мен араағайындардың араласуы тиімділік келтіре алмаған күрделі дауларды: Аталмыш өтінім бойынша сілтеме жасалынуға тиісті мүдделі қатысушылар тізімі.
| |
Бұрын қаралған, бірақ жағдай өзгергендіктен және жаңаша қарау (бұл жағдайда да бұрынғы шешімге қайта дауласылмайды). |
Төрешінің өтінім бойынша бас тартуы дәлелді болса, онда қалған төрешілер оның бас тартуы туралы шешім қабылдайды. Ақылға сиымды мерзім ішінде өтінім берілген бетте қалған төрешілер өтінімнің қаралуы туралы дауыс беруге тиісті.
Төрешілер өтінімді өздеріне ыңғайлы әдіспен талқыға салады. Басқа қатысушылардың талқыға салуы төрешілер талқысынан бөлек жүргізіледі, бірақ оған төрешілердің де қатысуына болады. Төрешілер комитеті кез келген қатысушының мүдделі тараптарын қатыстыра алады. Тараптарға сұрақтар қойылуы мүмкін. Өтінім бойынша ағымдағы төрешілердің көпшілігі дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.[8].
Шешімнің қисыны барлық мүдделі тараптарға түсінікті болуы керек. Қажеттілік туындаған жағдайда өтінім беру бетінде олар шешімнің түсінбеген бөлігі туралы сауал тастай алады. Лажы болса, төрешілер талғауы тиісті беттерде жарияланғаны жөн, бірақ төрешілер қаралып отырған жағдайдың күрделілігін ескере отырып, жасырын өткізуге құқы бар.
Төрешілер комитетінің шешімі Уикипедияның админдерінің бірі арқылы орындалады. Ал, егер Уикипедия:Басты бетіне сұраныс жасалынса, оған сілтемелер қойылады.
Төрешілер комитетінің шешіміне жағдайдың өзгеруіне орай (жаңа нақты жағдайлардың орын алуына орай) немесе жағдайды қараудағы бұзушылықтың орын алуына орай шағым жасалынуы мүмкін. Төрешілер комитетінің шешіміне наразылық (ағылшын тілінде) "уикимедия қорының қорғаншылар Кеңесіне" немесе Джимми Уэйлске беруге рұқсат етіледі, бірақ олар оны тек ерекше жағдайларда (комитеттің уикипедия ұстанымдарын бұзған жағдайларда) ғана қарауы мүмкін.
Сайланған төрешіні резервтегілердің бірімен (резерв тізімінде алғашқы болып тұрғанымен) мына жағдайларда алмастыруға жол беріледі:
Төрешілер комитетіне жасалған өтінім бойынша барлық төрешілер (резервтегілерді қоса алғанда) талғауға қатыса алады, бірақ өтінімді қабылдау және ол бойынша шешім қабылдауға тек қана ағымдағы (сол өтінім бойынша) төрешілер ғана дауыс бере алады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.