Уитни Хьюстон
From Wikipedia, the free encyclopedia
Уитни Элизабет Хьюстон (ағылш. Whitney Elizabeth Houston, 9 тамыз 1963 — 11 ақпан 2012) – америкалық поп, соул және ритм-н-блюз әншісі, актриса, продюсер, бұрынғы модель. [1].
Уитни Хьюстон Whitney Houston | |
Негізгі ақпарат | |
---|---|
Туған кездегі есімі |
Уитни Элизабет Хьюстон |
Туған күні | |
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Белсенділік жылдары |
1977—2012 |
Мемлекет | |
Мамандықтары | |
Дауыс түрі | |
Жанрлары |
поп, ритм-н-блюз, соул, госпел, urban contemporary |
Лақап аттары |
Nippy, The Voice |
Лейблдері |
Arista Records |
Ресми сайты | |
Аудио, сурет, видео Ортаққорда |
Өзінің музыкалық жетістіктерімен, вокал қабілетімен және жеке өміріндегі жанжалдарымен танымал.
1992 жылы үлкен экранға шыққан «Сақшы» фильміндегі басты рөлдердің бірін сомдап, супер жұлдыз атағына ие болады. Ол фильмдегі негізгі музыкалық партияларды орындап шыққан. 6 «Грэмми», 15 «Billboard Music Awards», 21 «American Music Awards», 2 «Emmy», 8 «Soul Train Awards», 2 «NAACP Image Awards», «BET Lifetime Achievement Award» және басқа да көптеген сыйлықтардың иегері. Гиннесстің рекордтар кітабына сәйкес Хьюстон ең көп сыйлықтар алған әртіс (ағылш. «The Most Awarded Female Artist of All Time») болып табылады.
«Rolling Stone» журналы оны 100 ұлы орындаушы тізіміне қосқан.