From Wikipedia, the free encyclopedia
Фредерик Франсуа Шопен фр. Frédéric François Chopin; пол. Fryderyk Franciszek Szopen (22.2, кейбір деректерде 1.3.1810, Варшава маңындағы Желязова-Вола мекені – 17.10.1849, Париж қаласы) – поляк композиторы, пианиношы, ұлттық классикалық музыканың негізін салушы.
Фредерик Шопен Fryderyk Chopin[1] Frédéric Chopin | |
Фредерик Шопен, 1835 | |
Негізгі ақпарат | |
---|---|
Туған күні |
Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value). |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Мамандықтары |
поляк композиторы, пианиношы, ұлттық классикалық музыканың негізін салушы, музыкалық педагог |
Аспаптары |
Әкесі – француз, шешесі – поляк қызы. Шопен туған апасы Людвиканың ықпалымен жастайынан музыкаға әуес болып өсті әрі онымен қосылып фортепьянолық дуэттер орындады. 7 жасында фортепьянода ойнауды чех музыканты В.Живныйдан, 12 жасында композицияны поляк композиторы Ю.Эльснерден үйреніп, тәлім алды. Лицейде (1823 – 26), одан кейін Жоғары музыка мектебінде (1826 – 29) оқыған ол жеті жасында алғашқы шығармасы – фортепьяноға арналған соль минор полонезін шығарды; 1817 ж. жарық көрді. 1818 жылдан пианиношы ретінде таныла бастады. 1829 жылдан Шопеннің алғашқы гастрольдік сапары басталып, әуелі Вена, одан соң Мюнхен қалаларында концерт берді. 1830 – 1831 ж. Вена, ал 1831 жылдан Париж қаласында тұрды. Осы қалада әдебиет пен өнердің атақты өкілдерімен (ақын Г.Гейне мен жазушы Ж.Санд, кескіндемеші Э.Делакруа, композиторлар В.Беллини, Г.Берлиоз, Ф.Лист, Ф.Мендельсон, т.б.) танысты.
Шопеннің шығармалары поляк ұлттық музыкасының зор жетістігіне әрі дүниежүзілік музыка классиканың үздік үлгілеріне жатады. Музыкадағы реализмнің ірі өкіліне айналған Шопеннің өміршең әрі психологиялық шындыққа негізделген терең мазмұнды туындыларында поляк халқының азаттық үшін күресі мен қаїармандық идеялары үлкен суреткерлікпен бейнеленді. Шопен – фортепьянода ойнаудың асқан шебері, дүниежүзілік көрнекті пианиношылардың бірі болды. 1835 ж. композитор ауыр сырқатқа душар болып, дәрігердің кеңесімен Мальорка аралына барады да бір қысын (1838 – 39) сонда өткізеді. Ол осыдан кейін денсаулығы біршама жақсарғандай күй кешіп, барлық уақытын музыкаға арнады. Бірақ Сандпен қарым-қатынасын біржола үзуі (1847) және гастрольдік сапармен Англияда болуы (1848) Шопеннің денсаулығының күрт төмендеуіне әкеліп соқты. Содан көп ұзамай өкпе туберкулезінен дүние салды. Мәйіті Париж қаласында жерленген, жүрегі өз өтінішімен Варшава қаласына жеткізіліп, осы уақытқа дейін сонда сақтаулы. Варшава қаласында концерттік, ғылыми-зертеу, т.б. шығармашылық жұмысымен айналысатын Шопен атындағы қоғам ұйымдастырылған. 1927 жылдан осы қалада пианиношылардың Шопен атындағы халықаралық байқауы өткізіліп тұрады. 1923 ж. Алматы қаласында музыкалы драма үйірмесінің күшімен алғаш рет Шопен шығармаларына арналған концерт ұйымдастырылды. Сонан бері Қазақстанда композитордың әр алуан муз. туындылары (вальс, мазурка, ноктюрн, полонез, т.б. фортепьянолық шығармалары) орындалып келеді. [2][3][4] [[Сурет:|thumb|200px]]
Шопен – фортепьяно мен оркестрге арналған 2 концерт пен 4 пьесаның; фортепьянолық трионың, виолончель мен фортепьяноға арналған соната, 4 баллада, 4 скерцо, 4 экспромт, 16 полонез, 58 мазурка, 17 вальс, 21 ноктюрн, 26 прелюдия, 27 этюдтің және көптеген әндердің, рондо, вариация, т.б. муз. шығармалардың авторы.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.