Футболдан Ресей кубогы 2022/23
From Wikipedia, the free encyclopedia
Футболдан Ресей кубогының 31-ші жарысы. 2022 жылы 16 тамызда басталып, 2023 жылы 11 маусымда мәреге жетті. Мәскеудің "ЦСКА" клубы жеңімпаз атанды.
Турнир "Аймақтар жолы" және РПЛ (Ресей премьер лигасы) жолы боп бөлініп, екі тарапта қатар жалғасты. РПЛ жолында Ресей премьер лигасында ойнайтын командалар қатысса, Аймақтар жолында РПЛ жолынан шығып қалғандар ойнады. Екі жолдағылар өз алдына финалдық ойын өткізіп, шешуші сынға қатысатын команданы анықтады.