Футболдан әлем чемпионатының сұрмергендері
From Wikipedia, the free encyclopedia
1930 жылдан 2018 жылға дейін әлем чемпионаттарында 2548 гол соғылды. Бірінші голды 1930 жылы 13 шілдеде Франция-Мексика матчында француз Люсьен Лоран енгізді. Әзірше соңғы голды 2018 жылғы финалда хорватиялық Марио Манджукич Францияның қақпасына соқты.
Әлем чемпионаттарында ең көп гол соққан футболшы германиялық Мирослав Клозе. Оның еншісінде 16 гол бар. Екінші орындағы бразилиялық Роналдо 15 гол соқты.
Жекелеген чемпионаттарда ең көп гол соққан футболшы француз Жюст Фонтен. Ол 1958 жылы 13 рет қарсыластар қақпасын дәл көздеді.