From Wikipedia, the free encyclopedia
1938 жылы Францияда өткен футболдан әлем чемпионатының шешуші матчы — 1938 жылы 19 маусымда Париждегі "Стад де Олимпик" стадионында өтті. Мұнда Италия мен Венгрия құрамалары кездесіп, Италия 4:2 есебімен жеңіске жетті де, қатарынан екінші рет әлем чемпионы атанды.
Матч басталардан алдын Италияның диктатор көсемі Бенито Муссолини футболшыларға "Жеңіс! Немесе өлім!" деген үш сөз ғана жазылған жеделхат жолдайды. Осының әсерінен бе, Италия құрамасы барын салады. 6-минутта олар есеп ашады, алайда екі минуттан соң мажарлар есепті теңестіреді. Бірақ бұдан соң да жақсы ойнаған Италия үзіліске дейін және екі доп соғып, 3:1 есебімен алға шығады. Екінші таймда екі жақ бір-бірден гол соғып, Италия 4:2 есебімен жеңіске жетеді.
Италиялық бапкер Витторио Поццо жаттықтырушы ретінде қатарынан екі рет әлем чемпионы атанған тұңғыш бапкер.
Финалда ойнаған футболшылардың арасында ең соңғы боп өмірден өткен италиялық Петро Рава. Ол 2006 жылы 5 қарашада 90 жасында қайтыс болды[1].
19 маусым 1938 |
|
Стад де Олимпик, Париж Көрермендер саны: 45,000 Төреші: Жорж Капдевиль (Франция) |
||||||
|
|
|
|
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.