Халықаралық астрономиялық одақ
From Wikipedia, the free encyclopedia
Халықаралық Астрономиялық Одақ (ХАО)— Ғылыми одақтардың халықаралық кеңесінің құрамына енетін халықаралық қоғамдық ұйым. 1919 ж. құрылған, оған 85[1] мемлекет мүше. КСРО 1935 жылдан Халықаралық Астрономиялық Одақ-тың мүшесі болды Халықаралық Астрономиялық Одақ-тың атқаратын негізгі міндеттері:
- астрон. зерттеулер мен астрономияның барлық бағыттарының (салаларының) дамуына көмектесу;
- астрономия саласында халықар. ғыл. кооперация ұйымдастыру;
- басқа халықаралық Ғылыми Ұйымдарда астрономия ғылымының мүдделерін қорғау.
Халықаралық Астрономиялық Одақтың жұмысшы органдары: ХАО-ның атқару комитеті және астрономияның жеке мәселелері бойынша құрылған комиссиялары (2004 ж. 40 комиссия). ХАО комиссиялары өзінің негізгі үйлестіру жұмыстарын конференциялар мен симпозиумдарды ұйымдастыру, т.б. арқылы жүргізеді. ХАО-ға басшылық ету жұмысын Халықаралық Астрономиялық Одақтың Бас ассамблеясы атқарады. Ол 3 жылда 1 рет Xалықаралық Одаққа мүше елдердің бірінде өткізіледі.