Халықаралық терроризм
From Wikipedia, the free encyclopedia
Халықаралық терроризм -"мемлекет басшыларының, топ адамдардың, жалпы халықтың үрейін үшыру мақсатында адамдарға немесе жекеменшікке бағытталған бір мемлекет өкілдерінің екіншісіне қарсы акті жасау, үйымдастыру, жүзеге асыруға жәрдемдесу, қаржыландыру немесе қолдау көрсетуі немесе оған жол беру әрекеттері (Б¥¥-ның адамзаттың қауіпсіздігі мен бейбітшілікке қарсы қылмыстар Кодексінің жобасындағы анықтамаға сәйкес). XXI ғ. басы Нью-Иорктегі, Вашингтондағы, Мәскеудегі, Мадридтегі, Лондондағы және басқа да терроризмнің барлық түрлерінің көрініс табуы лаңкестік феноменіне жаңаша көзқарасты талап етуде. Бүл оқиғалар адамзаттың жаңа тарихи кезеңге аяқ басқанының белгісі, осы орайда бүкіләлемдік қауымдастықтың өркениеті күштерінің лаңкестікке қарсы бітіспес соғыс жариялауымен сипатталады. "Халықаралық терроризм" үғымы 1970-шы жылдардан кеңінен таралғанымен, 2001 жылғы 11 қыркүйектен кейін ғана жалпы мойындала бастады. Халықаралық террористік қүрылымдар лаңкестік актілерді ғаламдық мақсатгарға жету үшін қолданады, алайда нақтылы талаптар да қоймайды. Халықаралық лаңкестік шаралары ғаламдық БАҚ- тың көңілін аударып, соның арқасында қоғамды дүрліктіреді. Әлемдік тарихтың негізгі қайшылығы дамыған және дамушы елдердің арасындағы даму алшақтығы болып отыр. Осылайша, әлемнің екі жігінің арасындағы алшақтық дамудың негізгі тежеуішіне айналды