Хви́ча Кварацхе́лия[2] (груз. ხვიჩა კვარაცხელია; 12 ақпан 2001, Тбилиси) — грузиялық футболшы, Грузия Ұлттық футбол құрамасы мен "Наполи" клубының жартылай қорғаушысы.
Quick Facts Жалпы мағлұмат, Лақап аттары ...
Хвича Кварацхелия |
|
Жалпы мағлұмат |
---|
Лақап аттары |
Кварадона[1]
|
---|
Туған күні |
12 ақпан 2001 (2001-02-12) (23 жас)
|
---|
Азаматтығы |
Грузия
|
---|
Бойы |
183
|
---|
Позиция |
жартылай қорғаушы
|
---|
Клуб жайлы ақпарат |
---|
Клуб |
Наполи
|
---|
Номері |
77
|
---|
|
Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.
|
|
Close
Тбилисидің «Динамо» клубының түлегі. Ол 2017 жылдың 29 қыркүйегінде «Колхети-1913» командасына қарсы өткен Грузия чемпионатындағы матчта негізгі құрам сапындағы тұңғыш ойынын өткізді[3]. Барлығы 2017 жылғы маусымда чемпионатта 4 кездесу өткізіп, 1 гол соқты[4][5].
2022 жылдың 1 шілдесінде ресми түрде италиялық «Наполи» ойыншысы болды[6]. 2022 жылдың 15 тамызында «Наполи» сапындағы тұңғыш ойынын А сериясында "Эллада Веронаға" қарсы матчта өткізді [7] және 37-минутта [8] [9] клуб сапындағы бірінші голын соқты.
Грузия құрамасы сапындағы тұңғыш ойынын 2019 жылы 7 маусымда Гибралтар құрамасына қарсы 2020 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу матчында өткізді[10]. 2020 жылдың 14 қазанында Солтүстік Македонияға қарсы матчта ұлттық құрама сапындағы тұңғыш голын соқты[11], ал 2021 жылы 28 наурызда Испания құрамасының қақпасына гол соғып, матчта есеп ашты. Үшінші голын 2021 жылы 31 наурызда Грекия құрамасымен ойында (1:1) соғып, матчтың 78-минутында есепті теңестірді[12].
«Динамо» (Тбилиси)
- Грузия чемпионатының күміс жүлдегері: 2017
«Локомотив»
- Ресей кубогы: 2018/19
- Ресей чемпионатының күміс жүлдегері: 2018/19
«Наполи»
- Италия жыл футболшысы: 2022/23
- Грузия жыл футболшысы (4): 2020, 2021, 2022, 2023