Хорватия
From Wikipedia, the free encyclopedia
Хорватия (xорв. Hrvatska), ресми Хорватия Республикасы (xорв. Republika Hrvatska [xř̩ʋaːtskaː]) — Еуропаның оңтүстік-шығысында, Балқан түбегінде орналасқан мемлекет. Құрамына Адрия теңізіндегі аралдар (ең ірілері — Крк, Црес, Хвар, Корчула, Брач, Паг, Раб, Вис) да кіреді. Аумағы 56 538 квадрат километр. Халқы 4,7 миллион (2001), оның 78%-ы — хорваттар, 12%-ы сербтер, 1%-ы словендер, қалғандары босниялықтар, венгрлер, т.б. Ресми тілі — хорват. Дінге сенушілердің көпшілігі — католиктер (72%) мен православиелік христиандар (14%), мұсылмандар (1,5%) мен протестанттар (1%) да бар. Астанасы — Загреб қаласы. Хорватия — парламенттік республика. Конституциясы бойынша мемлекет басшысы — президент. Жоғарғы заң шығарушы органы — қос палаталы (өкілдер және жупания) Хорватия Республикасының Соборы. Жоғарғы атқарушы органы — үкімет. Аумақтық-әкімшілік жағынан 20 қауымдастыққа (жупанияға) бөлінеді. Ұлттық мейрамы — Мемлекеттілік күні, 30 мамыр (1990). 2023 жылдан бастап ақша бірлігі — еуро. Хорватия — БҰҰ-ның (1992), Еуропалық кеңестің (1996) мүшесі.
Хорватия Республикасы xорв. Republika Hrvatska | |||||
| |||||
Әнұран: «Lijepa naša domovino» (тыңдау (ақп.)) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 25 маусым 1991 жыл (СФЮР-ден) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | хорват тілі[1] | ||||
Елорда | Загреб | ||||
Ірі қалалары | Загреб, Сплит, Риека, Осиек | ||||
Үкімет түрі | Парламенттік республика | ||||
Президенті Премьер-министрі Сабор төрағасы |
Зоран Миланович Андрей Пленкович Гордан Яндрокович | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 124-ші орын 56 594 км² 1,09 | ||||
Жұрты • Сарап (2019) • Санақ (2011) • Тығыздығы |
▼ 4 076 246[2] адам (127-ші) 4 284 889 адам 73 адам/км² (109-шы) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2020) • Жан басына шаққанда |
117,928 млрд.[3] $ (81-ші) 29,207[3] $ (55-ші) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2020) • Жан басына шаққанда |
63,172 млрд.[3] $ 15,646[3] $ (55-ші) | ||||
АДИ (2018) | ▲ 0,837[4] (өте жоғары) (46-шы) | ||||
Этнохороним | Хорваттар, хорват | ||||
Валютасы | еуро (€, EUR) | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .hr | ||||
ISO коды | HR | ||||
ХОК коды | CRO | ||||
Телефон коды | +385 | ||||
Уақыт белдеулері | +1 |